24.03.2015 және 28.03.2015жыл кезеңінде аудиториядан тыс іс шаралар жоспарына сәйкес Ғылым және Шығармашылық аптасы өткізілді, оны өткізуге университеттің оқытушылары мен студенттері де қатысты. 1 - 3 курс студенттеріне берілген алдын ала тапсырма бойынша екінші шет тілдінің презентациясын дайындау және осы презентацияны ғылым және шығармашылық аптасының бесінші күнінде бейне ролик түрінде ұсыну керек болды.
ҒША-ның бірінші күнінде олимпиаданың бірінші туры «Шет тілі: екі шет тілі» мен «Аударма ісі» мамандығының барлық курс студенттері үшін лексика-грамматикалық тестілеу өткізілді.
ҒША-ның бірінші күніне жауапты кафедраның барлық оқытушылары болды. Екінші күні «Аударма ісі» мамандығының барлық курс студенттері үшін олимпиаданың екінші туры өткізілді. Аталған турға ағылшын тілінен орыс тіліне мәтінді аудару кірді. Аударманың дәлдігі, қажетті трансформацияның пайдаланылуы, мәтіннің эмоционалді және стилистикалық мазмұны бағаланды. Үшінші күні олимпиаданың екінші турын өткізу «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттеріне арналды. Оларға тақырып бойынша әр түрлі жағдайлар, серіктеспен әңгіме өткізу ұсынылды. Бағалау критериі ретінде келесі пункттер кірді: грамматика, лексика, креативтілік, ойды логикалық құру. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері арасында екінші турдан 8 адам өтті. Аударма бөлімінің студенттері арасында бұл турға 6 адам қатысты. (Олимпиаданың екінші турының студенттер жинаған балдық нәтижелері төменде келтірілген. Олимпиаданың екінші турын дайындауға Герсонская В.В. мен Осколкова А.А. жауапты болып тағайындалды.
Бейсенбіде олмипиаданың нәтижелері жарияланды. Барлық өткізілген зияткерлік шаралармен қатар білім алушылар екінші шет тілінің презентациясын дайындау керек болатын. Студенттерге алдын ала номер дайындау тапсырмасы берілген. Шет тілдер презентациясына қатысуға тілек білдірушілер сөз сөйлеге алдын ала дайындалды. Студенттер өздері ойлап тапқан оқиғаны бейне презентация түрінде сахналады (испан, түрік, неміс, француз). Екінші курс студенттері француз тілінде презентациямен таныстырды. Олар Қызыл телпек туралы кино ойлап тапты. Екінші курс студенттері испан тілінде испан халқының ерекшелігі мен мәдениетін көрсететін бір испанның өмірін көрсетті. Неміс тілін оқитын студенттер аудитория назарына неміс тілі мен Германияға арналған роликтер ұсынды. Түрік тілін оқитын студенттер «Түрік тілі сабағын» сахналады. Презентацияға бірінші курстың студенттері шақырылды, мақсаты студенттерді екінші шет тілімен таныстыру және оқитын тілді таңдауда көмек көрсету болып табылады. Екінші шет тілінің презентациясы кезінде жүлделі орын алған студенттер жүлдедермен, грамоталармен марапатталды.
ҒША НӘТИЖЕЛЕРІ
Ғылым және шығармашылық аптасын өткізудің қорытындысы бойынша төмендегі студенттер мамандық үздігі болып танылды.
5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының үздіктері:
- Бірінші орын: Смагулова Галима (2 курс, қазақстандық бағдарлама);
- Екінші орын: Черкесова Дарья (3 курс, американдық бағдарлама);
- Андреева Виктория (1 курс, қазақстандық бағдарлама).
5В020700 «Аударма ісі» мамандығының үздіктері:
- Бірінші орын: Коптева Ангелина (2 курс, американдық бағдарлама);
- Екінші орын: Шарапиев Саржан (1 курс, қазақстандық бағдарлама);
- Үшінші оры: Сейткали Ануар (3 курс, қазақстандық бағдарлама).
Ғылым және шығармашылық аптасын өткізуге «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының және «Аударма ісі» мамандығының 1-3 курс студенттері сонымен қатар Шет тілдер кафедрасының барлық оқытушылары қатысты. Колледж оқушылары шақырылды.
ҒША нәтижелерін қанағаттанарлық деп айтуға болады, осындай шараларды жиі өткізу ұсынылады, сонымен қатар қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларын қатыстыруға және осындай іс шараға колледж оқушыларын шақыруға мүмкіндік беру керек.
<tableclass="table table-bordered table-striped">
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
Қатынас орнату арқылы оқыту
2021 Қаңтар 08 -
Тілдерді оқу – жаңа әлемді тану!
2020 Желтоқсан 26 -
«Justar Startup - 2020» Облыстық бизнес-жобалар сайысы
2020 Желтоқсан 25 -
Жас кәсіпкер Асхат Адхамовпен кездесу
2020 Желтоқсан 25
Хабарландыру
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы