ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигіЕрежеп Мәмбетқазиев Өскемендегі «Атамекен» тұңғыш сандық телеарнасының тұсаукесеріне қатысты. Мерекелік іс-шара Білім күні 1қыркүйекте қалалық «Жастар» саябағында өтті.
- Біздің қаламызда жаңа сандық телеарнаның ашылуы– деп атап өтті мерекенің құрметті қонағы Ережеп Мәмбетқазиев,- Өскеменнің тарихына, біздің өнеркәсіптік, ғылыми, зияткерлік, мәдени өңіріміздің өмірін жан –жақты және объективті көрсететін жаңа кезеңді ашатын, жарқын оқиға болып жазылады.
ҚАЕУ-нің «Атамекен» телеарнасымен серіктестігі оның қалыптасуының алғашқы күндерінен -ақ бастау алады. ҚАЕУ-де журналистерді даярлаудың басталуы арнаның ашылуымен сәйкес келуі кездейсоқтық емес. Шетелдік серіктестердің қатысуымен американдық бағдарлама табысты жұмыс істейтін университет, халықаралық журналистиканың алдыңғы қатарлы тәжірибесін тиімді оқып-үйрену мен енгізу үшін, әлемнің кез келген нүктесінде жұмыс істеуге қабілетті көптілді журналистерді даярлауда жеткілікті мөлшердегі инновациялық әлеуетке ие болып отыр. Мемлекеттік пен орыс, ағылшын және де басқа да шет тілдерде еліктіргіш бағдарламалар даярлау... Бүгінде бұл болашақ дарынды журналистер үшін үйреншікті іске айналуда.
- «Атамекен» телеарнасымен серіктестік , - деп атап көрсетті одан әрі ҚАЕУпрезиденті, - тележурналистерді абстрактілі теорияда емес, іс жүзіндегі шығармашылық үдерісте даярлауға мүмкіндік туғызатынына үміттенемін. Бүгінде бұл оқу үдерісіне қойылатын маңызды талап. Біз қаламызда оқу, студенттік жастар журналистикасының дамуына үміттенеміз. Шығармашылық ұжымға батыл қадамдар мен күтулі табыстар тілеймін! Біз жарқын жаңалықтар мен репортаждар, өзекті аналитикалық бағдарламаларын күтеміз.
Бұл журналистердің өз бастамалары және күштерімен ашылған тұңғыш телеарна, деп атап көрсетті тұсаукесердің құрметті қонақтары. Мұның өзі ұжымның батылдығы мен ұйымшылдығын көрсетеді, енді оларды көрермендердің сүйіспеншілігіне қол жеткізу күтіп тұр.
- Біз бүгін нағыз достарды көргенімізге қуаныштымыз! – деп қарсы алды мереке иесі, «Атамекен» телеарнасының директоры Алмагүл Сембинова. – Біздің мақсатымыз – сапалы материалмен көрермендердің құрметіне бөлену. Қалыптасу кезеңінде біз үшін серіктеріміздің түсіністігі мен қолдауы өте маңызды. Сонымен қатар Қазақстан-Американдық еркін университетінің, оның президенті Ережеп Әлхайырұлының және де ҚАЕУ ректоры Айдар Ережепұлының қолдаулары ерекше! Зор алғысымызды білдіреміз!
Ақпараттық-ойын-сауық «Атамекен» арнасы Өскемен қаласы тұрғындарына және де жалпы өңір тұрғындарына бағдарланған. Көрсетілім «Алма ТВ» кабелдік теледидары арқылы жүзеге асырылады. Журналисттер жақын арада көрермендердің назарына ақпараттық және аналитикалық бағдарламаларын ұсынады. Телеарна адамдарға әлеуеттерін ашуға, ал өңірге жаңа жарқын дарынды есімдерді білуге көмектесетін қоғам үшін пайдалы іс-шаралар мен қозғалыстарды қолдайтынын білдіреді.
Тұсаукесер күні қонақтар үшін қаланың үздік ән және би ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт көрсетілді.
Ғабдұл Мәуітқанов
https://kafu.edu.kz/kz/novosti/1502-zhol-bolsyn-atameken.html#sigProGalleria85043b1acf
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
Қатынас орнату арқылы оқыту
2021 Қаңтар 08 -
Тілдерді оқу – жаңа әлемді тану!
2020 Желтоқсан 26 -
«Justar Startup - 2020» Облыстық бизнес-жобалар сайысы
2020 Желтоқсан 25 -
Жас кәсіпкер Асхат Адхамовпен кездесу
2020 Желтоқсан 25
Хабарландыру
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы