2016 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде 11сынып түлектері мен олардың ата- аналары үшін Ашық есік күні өтті. Кездесудің басты мақсаты – түлектерге оқу орны мен болашақ мамандық таңдауға көмектесу.
Оқушылар үшін оқу ғимаратында экскурсия жүргізіліп, Қазақстан-Американдық еркін университеті жайлы фильм көрсетіліп, факультеттер мен мамандықтар жайлы ақпараттық бүктемелер ұсынылды.
«Бизнес,құқық және педагогика» факультетінің деканы Галина Мензюк және ҚАЕУ студенттері университет таныстырылымын өткізіп, ЖОО басты артықшылықтары, оқу бағдарламалары мен халықаралық бағдарламалар, ҚАЕУ-де оқу артықшылықтары, гранттар, студенттік бірлестіктер жайлы әңгімеледі. «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, «Дене шынықтыру және спорт» бағытының жетекшісі Виктор Цыплаков спорттық жетістіктер мен іс-шаралар жайлы айтып берді.
Кездесу аясында оқушылармен зияткерлік ойын өткізіліп, жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтар алды.
Жалпы іс-шарадан соң талапкерлер үшін әр кафедра бет-бейне іс-шараларын даярлады, мұнда оқушылар таңдаған мамандық жайлы көбірек біліп, оқытушылармен сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
https://kafu.edu.kz/kz/novosti/1867-aeu-degi-ashy-esik-k-ni.html#sigProGalleriaf38b211dc3
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
Қатынас орнату арқылы оқыту
2021 Қаңтар 08 -
Тілдерді оқу – жаңа әлемді тану!
2020 Желтоқсан 26 -
«Justar Startup - 2020» Облыстық бизнес-жобалар сайысы
2020 Желтоқсан 25 -
Жас кәсіпкер Асхат Адхамовпен кездесу
2020 Желтоқсан 25
Хабарландыру
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы