2016 жылдың 29 сәуірінде ҚАЕУ және ШҚО мамандандырылған соты арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында, Кеңсе меңгерушісі Сәбит Тұратпаев «Заңтану» мен «Кеден ісі» мамандықтарының екінші және үшінші курс студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Сәбит Шыңғысұлы сот тарихы, сонымен бірге ҚР Жоғарғы Сотының азаматтардың әділ сотқа қол жетімділігін оңайлатуға бағыттап жүргізіп отырған реформалары жайлы айтып берді. Үш сатылы сот жүйесінің қызмет етуі, шағымдық сатыны Жоғары Сотқа беру, азаматтық іс жүргізу заңнамасы, «Сот кабинеті» функционалының жаңа мүмкіндіктері, сонымен қатар қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселелері ашып көрсетілді. Кеңсе меңгерушісі студенттерді азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде тергеуші соттардың өкілеттіліктерін одан әрі кеңейтудің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Кездесу соңында студенттер қонаққа қызғылықты және өзекті ақпарат бергені үшін алғыстарын айтып, ал бірнеше студент Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық соты қабырғасында кәсіби іс-тәжірибеден өтуге ниеттерін білдірді.
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
Қатынас орнату арқылы оқыту
2021 Қаңтар 08 -
Тілдерді оқу – жаңа әлемді тану!
2020 Желтоқсан 26 -
«Justar Startup - 2020» Облыстық бизнес-жобалар сайысы
2020 Желтоқсан 25 -
Жас кәсіпкер Асхат Адхамовпен кездесу
2020 Желтоқсан 25
Хабарландыру
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы