Талқылау, 2016 жылдың 16 қыркүйегінде «КНТП» АҚҰ президенті, химия ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Федор Лобановпен (Ресей, Мәскеу) кездесу аясында өтті.
Баяғыдан серіктесі мен досын, кездесуге қатысушыларды ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтап, сөз сөйледі.
Кездесу жұмысына облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы директорының орынбасары Ришат Адамов, «ЖасылқұрылысKZ» ЖШС директоры Владимир Езенок, «Экологиялық қауіпсіздік Орталығы» ЖШС директоры Геннадий Корешков, облыстық ауыл шаруашылық колледжі директорының орынбасары Виктор Крикуненко, «Құрмашев» шаруа қожалығының басшысы Кемелжан Құрмашев және басқалары қатысты.
Мәскеуден келген ғалым Федор Лобанов үлкен мегаполистерде ауа бассейнін және ағын суларын тазарту жөніндегі инновациялық технологияларды қолдану, тазартқыш ғимараттарда зиянды иістер проблемаларын шешу жөніндегі тәжірибемен бөлісті. Ерекше назар, өсімдіктерді отырғызудың сыналған технологияларына және ауыл шаруашылығын интенсивтендіруге аударылды.
Өсімдіктерге ыстыққа төзуге көмектесетін және тамшылатып суаруға балама болатын гидрогелді қолданып, астық өнімділігін қалай арттыруға болады? Осыған орай биылғы жазда жүргізілген эксперимент нәтижелерімен, ҚАЕУ ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы, химия ғылымдарының кандидаты Раушан Мәмбетқазиева бөлісті.
Талқыланған мәселелер бойынша қызу пікір алысулар болып, ұсыныстар жасалды.
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
Қатынас орнату арқылы оқыту
2021 Қаңтар 08 -
Тілдерді оқу – жаңа әлемді тану!
2020 Желтоқсан 26 -
«Justar Startup - 2020» Облыстық бизнес-жобалар сайысы
2020 Желтоқсан 25 -
Жас кәсіпкер Асхат Адхамовпен кездесу
2020 Желтоқсан 25
Хабарландыру
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы