2016 жылдың 12-14қазанында 6М050300 «Психология» мамандығының ҚАЕУ магистранты Камалиттенов Серік «Құқық» ӘҚ (Астана қаласы) жанындағы «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығының «Жасөспірімдердің заңмен қақтығысында психикалық денсаулығын нығайту мен одан әрі алып жүру жөнінде қызмет көрсетуге мұқтаждықтарын бағалау» атты халықаралық үйретуші семинарына қатысты. Семинарды жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту саласында жұмыс жасайтын ҚР ҮЕҰ, ювеналдық соттары мен ЖОО мамандарының қатысуымен, ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы, профессор Марко Саркьяпоне өткізді.
Семинар аясында қатысушылар жасөспірімдердің заңмен қақтығысында психикалық денсаулығын нығайту мен одан әрі алып жүру жөнінде қызмет көрсетуге мұқтаждықтарын бағалау, алынған деректерді жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсарту мақсатында оларды алып жүруге, сонымен қатар алынған деректерді жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсарту жөніндегі жұмыс тиімділігін өлшеу үшін пайдалану мәселелерін талқылады.
Серік Камалиттенов «Заңмен қақтығыстағы балалардың психикалық денсаулығы» атты баяндама жасады, баяндама семинарға қатысушылардың оң пікіріне ие болды. Осы семинардың бала психологиялық жайлылығы мен денсаулығын дамыту, мүддесін ілгері жылжыту және қызығушылығында бала құқығын қорғаудағы қосқан үлесін жеке атап өтуге болады. Барлық қатысушылар осы іс- шара аясындағы ынтымақтастықтың жоғары сапасы мен жемісті жұмысын атап өтті.
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
Қатынас орнату арқылы оқыту
2021 Қаңтар 08 -
Тілдерді оқу – жаңа әлемді тану!
2020 Желтоқсан 26 -
«Justar Startup - 2020» Облыстық бизнес-жобалар сайысы
2020 Желтоқсан 25 -
Жас кәсіпкер Асхат Адхамовпен кездесу
2020 Желтоқсан 25
Хабарландыру
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы