2017 жылдың 3 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттер және профессор-оқытушылар құрамының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша Департаментінің директоры Камалов Бахтияр Камалұлымен кездесуі болып өтті.
Кездесу халықтың әр топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Ұлт Жоспары: бес реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 5 басымдығын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Камалов Б.К. дәрісі барысында сыбайлас жемқорлық жайлы әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәселені жетік деңгейде қарастырып, оның тарихи қырын қозғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын түсіндірді.
Сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың назарына кездесу тақырыбы бойынша бейнеролик ұсынылды.
Іс-шараның соңында тыңдаушылар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нормативтік-құқықтық реттеуге қатысты, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі Сингапурдың тәжірибесіне қатысты спикердің пікірі жайлы көптеген сауалдар қойып, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көрініс табуы бойынша нақтылы ахуалдар талқыланды.
Жұртшылықпен байланыс Орталығы
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
Қатынас орнату арқылы оқыту
2021 Қаңтар 08 -
Тілдерді оқу – жаңа әлемді тану!
2020 Желтоқсан 26 -
«Justar Startup - 2020» Облыстық бизнес-жобалар сайысы
2020 Желтоқсан 25 -
Жас кәсіпкер Асхат Адхамовпен кездесу
2020 Желтоқсан 25
Хабарландыру
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы