Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қалпына келтіру

Қайта кабылдауды рәсімдеу үшін:
1. Ауысу және қайта қабылдау ережелерімен танысу.
2. Офис-тіркеушіге (413,314 каб.) оқу нысанын, курсын, білім беру бағдарламасын, оқыту тілін айқындау үшін бару. Деканның қолы қойылған және оқу ақысын төлеу бойынша қарыздын жоқтығы туралы бухгалтерияның белгісі бар қайта қабылдау туралы өтінішке қосымша алу.
3. Студенттерге қызмет корсету орталығына жүгіну және қайта кабылдау туралы өтінішті ресімдеу.
Өзінiзбен бірге:
• Өтінішке қосымша / деканның, бухгалтерияның қолы/
• білімі туралы құжат қосымшасымен / түпнұсқа / - аттестат немесе диплом
• жеке куәлік /сәйкестендіру үшін/
4. 2 данада шарт жасасу.
5. Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
6. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша қалпына келтіру туралы бұйрық дайындалады.
7. Қайта кабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін:
• оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты анықтау үшін өз факультетінің офис-тіркеушісіне жүгіну;
• "Рlatonus"ААЖ тіркеу үшін логин, пароль алу.
• сынақ кітапшасын, студенттік билетті алу.

БАСҚА ЖОО-ДАН БҰРЫН ОҚУДАН ШЫҒАРЫЛҒАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ


Қалпына келтіруді рәсімдеу үшін:
1. Аудару және қалпына келтіру ережелерімен танысу.
2. Офис-тіркеушіге (каб.413,314) оқыту нысанын, курсын, білім беру бағдарламасын, оқыту тілін айқындау үшін бару. Деканның қолы қойылған және оқу құнының 10% алдын ала төленгенi туралы бухгалтерияның белгісі бар қайта қабылдау туралы өтінішке қосымша алу.
3. Студенттерге қызмет көрсету орталығына жүгіну және қалпына келтіру туралы өтінішті ресімдеу.
Өзінiзбен бірге:
• Өтінішке қосымша / деканның, бухгалтерияның қолы/;
• алдыңғы білімі туралы құжат қосымшасымен / түпнұсқа/;
• түсу емтихандарының /ҰБТ,ТКТ нәтижелері немесе басқалар/;
• академиялық анықтама немесе транскрипт;
• оқудан шығару туралы бұйрықтан үзінді;
• медициналық анықтама (086У формасы)/шетелдік ЖОО/;
• жеке куәлік /сәйкестендіру үшін/;
• фото 3*4 – 6 дана;
• тегін ауыстыру туралы құжаттар (қажет болған жағдайда);
Ескерту: Егер білім туралы құжатты шетелдік ұйым берген болса, онда ҚР нострификациялау рәсімінен өту қажет.
4. 2 данада шарт жасасу;
5. Өтінішті қарау кезеңі-5 жұмыс күні.
6. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша қалпына келтіру туралы бұйрық дайындалады.
7. Кайта кабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін:
• оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты анықтау үшін өз факультетінің офис-тіркеушісіне жүгіну;
• "Рlatonus"ААЖ тіркеу үшін логин, пароль алу.
• сынақ кітапшасы, студенттік билет

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru