Қазақстан-Американдық еркін университеті Шығыс Қазақстан облысының Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған қазақ тілінде білім беретін мектептерінің 10,11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Олимпиаданың өткізілу уақыты мен орны:
Олимпиада 2020 жылдың 28 ақпанда Горький көшесі, 76 мекен-жайында орналасқан Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткізіледі. Олимпиаданың басталу уақыты: сағат 9.00.
Олимпиадаға қатысушылар:
Олимпиадаға қатысу үшін әр мектептен 4 оқушы шақырылады (10-сыныптан – 3 оқушы, 11-сыныптан -3 оқушы).
Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:
І кезең – тест тапсырмаларын орындау (Тест тапсырмалары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен беріледі). І кезеңнен ең жоғары балл жинаған оқушылар ІІ кезеңге өтеді.
ІІ кезең – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен ауызша тапсырма орындау (сұрақтардың бір бөлімі Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналады).
Бірге келетін педагогтар үшін семинар ұйымдастырылады. Соңында сертификат беріледі.
Олимпиада қорытындыларын шығару
11 сынып бойынша 1-орын алған оқушыға ҚАЕУ Президентінің гранты беріледі.
11 сынып бойынша 2-орын алған оқушыға ҚАЕУ-де оқуға 50% жеңілдік сертификаты беріледі.
11 сынып бойынша 3-орын алған оқушыға ҚАЕУ-де оқуға 30% жеңілдік сертификаты беріледі.
10-сынып бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі.
Ұсыныс беру мерзімдері:
Олимпиадаға қатысу үшін ұсынысты 2020 жылдың 20 ақпанына дейін anur_81@mail.ru электронды мекен-жайына «Олимпиадаға қатысу бойынша ұсыныс» тақырыбымен жіберу керек.
Ұсыныс формасы
Оқу орнының атауы_________________________________________________
Қатысушының толық аты- жөні
- _________________________________
Бірге келетін мұғалім________________________________________________
Қосымша ақпарат (телефон, e-mail)____________________________________
Олимпиадаға қатысуға ұсыныс жасау олимпиада шартымен танысу және келісу ретінде қарастырылады. Ұйымдастыру бойынша сұрақтар болған жағдайда 8/7232/50-29-45 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Бірінші вице-президент м.а. Байкенов Ж.Е.
![]() | 1404 kB | 702 Downloads |
News
-
Annual Meeting of the President of KAFU with Students
2021 March 04 -
Partnership of universities in student-centered learning
2021 March 03 -
Let’s Make the World a Better Place!
2021 March 02 -
VII Regional Olympiad in Kazakh Language and Literature
2021 February 26 -
Regional Seminar on Social Entrepreneurship
2021 February 25
Announcement
-
2021 February 04
Destination Zero: a youth climate innovation challenge
-
2019 February 08
Қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиада