ҚАЕУ- де дипломдарды тапсыру 27- салтанатты рәсімі өтті

2025 жылғы 30 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университетінде бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларының түлектеріне дипломдар табыстаудың 27-ші салтанатты рәсімі өтті. Дипломдарды ҚАЕУ қазақстандық және американдық оқыту бағдарламалары бойынша оқуды сәтті аяқтаған 1100 түлек – жас мамандар алды.

Дипломдарды тапсыру рәсімінің құрметті қонағы облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев болды, ол түлектерді құттықтап, ҚАЕУ-нің  өңірді дамыту үшін халықаралық әріптестік ЖОО ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Диплом тапсыру рәсімі университеттің оқытушыларын, ата-аналарды, студенттер мен серіктестерді біріктірді. Түлектерге ізгі ниетпен ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев, шетелдік оқытушылар Рональд пен Жанин Уайли, ҚАЕУ бірінші вице-президенті Жасұлан Байкенов және профессор-оқытушылар құрамы өкілдері сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілердің әрқайсысы студенттерді даярлаудың жоғары деңгейін және олардың білім беру мен құқықтанудан бастап бизнес пен халықаралық қатынастарға дейінгі әртүрлі салалардағы кәсіби қызметке дайындығын атап өтті.

Биылғы оқу жылында ҚАЕУ құрылғанына 30 жыл толуын атап өтті. Үш онжылдықта университет жеке білім берудің танымал көшбасшысы және Қазақстандағы халықаралық әріптестіктің  алғашқы жоғары оқу орны болды. Оның түлектері елде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие жоғары білікті мамандарға айналуда. Мерейтойлық жыл түлектері университет тарихына, оның дәстүрлеріне, жетістіктеріне және білім беруді дамытуға қосқан үлесіне қатыстылығын мақтан етеді. Олар әлемге alma mater құндылықтарын – білімге ұмтылуды, кәсіпқойлықты және ынтымақтастыққа ашықтықты әкеледі.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының аға оқытушысы., запастағы подполковник Қаражігітов Санат Мейерханұлы әскери кафедра шеңберінде оқуын аяқтаған ҚАЕУ түлектерін запастағы лейтенант атағын беруімен құттықтады.

Дипломдарды бизнес, құқық және халықаралық қатынастар, педагогика және психология, шет тілдері кафедраларының түлектері, сондай-ақ академиялық ұтқырлық және халықаралық тағылымдамалар мүмкіндігімен ағылшын тілінде дайындықтан өткен американдық бағдарламаның түлектері алды.

Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетімен (Цвиккау қ., Германия) бірлесіп «Management with Computer Science» қос диплом бағдарламасы бойынша оқыған магистранттардың алғашқы шығарылымын ерекше атап өткен жөн.

Әр түлекті құттықтаймыз және шынайы мақтанышымызды білдіреміз! Сендердің жетістіктеріңіз – мұқият оқудың,  оқытушылар мен жақындардың қолдауының, сондай-ақ табысқа  ұмтылудың нәтижесі. Сендер мүмкіндіктер мен кәсіби қиындықтарға толы жаңа өмірлік кезеңге кіресіңдер. ҚАЕУ қабырғаларында алынған білім мен тәжірибе сендердің болашаұтарың үшін берік негіз болсын. Сендерге Қазақстанның гүлденуі мен халықаралық ынтымақтастық жолында шабыт, өз күштеріңе сенімділік және үлкен жетістіктер тілейміз!

Сендердің Университеттерің