ҚАЕУ-де «Менің туған қалам» Қоғамдық әлеуметтік қорының құрылтай жиналысы өтті

2025 жылғы 30 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Менің туған қаламым» Қоғамдық әлеуметтік қорын құру бойынша құрылтай жиналысы өтті. Жаңа қор қаланың құрметті тұрғындарының әлеуметтік, мәдени және қайырымдылық қызмет саласындағы күш-жігерін біріктіретін алаңға айналады.

Оны құрудың бастамашылары Өскемендегі белгілі қоғам қайраткерлері болды:

– Мәмбетқазиев Ережеп  Әлхайырұлы – ҚАЕУ президенті, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі;

– Пуссеп Геннадий Николаевич – ШҚО мен Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан мен Ресей Жазушылар одағының мүшесі;

– Щербаков Борис Васильевич – биология ғылымдарының кандидаты, ШҚО Құрметті азаматы;

– Қасенов Рыспек Қасымжанұлы – «Байтақ» партиясы ШҚО филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ҚАЕУ президентінің кеңесшісі;

– Құрманбаева Айгүл Балтанқызы – қалалық Мемлекеттік кірістер комитетінің ардагері;

– Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы – ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы;

– Колчев Владимир Гаврилович — ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

– Иманғалиев  Совет Қапанұлы – ҚАЕУ президентінің кеңесшісі;

– Степанчук Надежда Григорьевна – қоғам қайраткері, ШҚО Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.

Жиналыс барысында Жарғы мен Құрылтай шарты бекітілді, қордың басқару органдары құрылды: Қамқоршылық кеңес, Басқарма және Тексеру комиссиясы. Сондай-ақ, 2025 жылға арналған штаттық кесте қабылданды.

Іс-шараға Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Азамат Қожабекұлы Қарағызов қатысты. Өз сөзінде ол әлеуметтік мәселелерді шешу үшін азаматтық бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, қала билігі атынан Қормен сындарлы өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді.

«Менің туған қалам» қорын құру қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуын жандандыруға, халықтың аз қамтылған топтарын қолдауға, сондай-ақ Өскемен қаласының білім, мәдениет және рухани өмірін дамытуға бағытталған.