ҚАЕУ оқытушысы ТМД деңгейінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

2024 жылғы 6-7 қарашада Астанада «Университеттер – ғылымды, бизнесті және қоғамды тартудың жаңа орталықтары» атты II Халықаралық ғылыми —тәжірибелік конференция өтті. Оған құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А.Мужчиль қатысты.

Конференция барысында 2030 жылға дейінгі кезеңге ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық бағдарламасын іске асыруға университеттерді белсенді тарту туралы сөз болды.

Конференцияның қорытындысы ғылым және технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды жүйелі сипатта беруге бағытталған шараларды іске асыру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру болды.

Савелий Александрович конференцияға қатысу оған ТМД жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бойынша жаңа білім мен тәжірибе алуға көмектескенін атап өтті. Сондай-ақ, біздің әріптесіміз академиялық салада жаңа байланыстар тапты.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы