«Ән мен рух тербелген – Этнокараоке -2025!»

Шығыс Қазақстан облысы Студенттік Ассамблея белсенділері арасында өткен «Этнокараоке-2025» вокал байқауында өнерпаздар дәстүрлі және заманауи әндерді нақышына келтіре орындап, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады!

Сахнада нағыз тартыс өрбіді — әр қатысушы өз дарынымен көрермендерді тәнті етті!

Қорытынды бойынша:

🥇1 орын — Ержанұлы Салауат, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

🥈2 орын — Серік Іңкәр, Қазақстан–Американдық еркін университеті

🥉3 орын — Ашимова Жұпар, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі

Этнокараоке — бұл жай ән сайысы емес, бұл — мәдениет пен өнердің жарқын көрінісі! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!