Өскеменде алғаш рет мансап орталықтарының Республикалық форумы өтті

2025 жылғы 11-12 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес, құқық және педагогика факультеті деканының орынбасары Гүлжан Бақытбекқызы Еділбаева мансап орталықтарының Республикалық форумына қатысты. Форум С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында өтті.

Форумның мақсаты – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша (оның ішінде «Серпін» жобасы шеңберінде) оқыған түлектер үшін грантты міндетті түрде пысықтау мәселелері бойынша тиімді тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу; заңнаманы іске асырудың  тәжірибелік тетіктерін талқылау; жоғары оқу орындары арасында, әсіресе педагогикалық бейіндегі тәжірибе алмасу; сондай-ақ жас мамандарды қолдау және жұмысқа орналастыру саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің өкілдері, жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының басшылары мен қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП Шығыс Қазақстан филиалының, «Серпінді қолдау» өңірлік кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қатысты.

Форум аясында Г.Б.Еділбаева ҚАЕУ-де іске асырылып жатқан табысты тәжірибелерді ұсына отырып, педагогикалық мамандықтардың жас түлектерін жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету және жәрдемдесу тәжірибесімен бөлісті.

Бизнес, құқық және педагогика факультеті