Вашингтон штаты Университетінің профессорымен кездесу
2022 жылғы 4 қазанда Қазақстан-Американ еркін университетінде 6В01703 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» және 6В02301 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының студенттерімен Вашингтон штаты университетінің (АҚШ) профессоры Талант Моқанұлының кездесуі өтті.
Қазіргі уақытта доктор Моқанұлы түркі және Орталық Еуразияны зерттеу орталығының директоры болып табылады, сондай-ақ антропология, лингвистика және азиялық тілдер мен әдебиет кафедраларында сабақ береді.
Доктор Моқанұлы – түркі және әлеуметтік-мәдени лингвистика саласының маманы. Оның жұмысы Орталық Еуразия мен Қытай тілдерін әлеуметтік-мәдени контексте зерттеуге бағытталған, ерекше назар жойылып бара жатқан тілдерге аударылады.
Профессор Моқанұлы өз зерттеулері, лингвистикаға деген қызығушылығының себептері және Вашингтон штаты университетіндегі қызметі туралы әңгімелеп берді. ҚАЕУ студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарды қою мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, тіл үйрену, көптілділік және көптілді тұлғаның қалыптасуына кедергі келтіретін тосқауылдар мәселелері қозғалды.
Шет тілдері кафедрасы


