Астанада өткен Жас ғалымдар конференциясының жеңімпаздары

2025 жылы 11 сәуірде Астана қаласындағы А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығына арналған «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2025» атты халықаралық студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясы өтті.

Елордадағы шараға Қазақстан-Американдық еркін университетінен Шалабаева Аймарал «Тілдік коммуникациядағы эмотикондар мен эмодзилер: жаңа заманның тілдік құралы» тақырыбындағы баяндамасымен және Қоғау Диляра «Жастардың сленг-фразеологизмдердегі метафора таңдау уәждері» баяндамасымен іштей қатысты. Конференция нәтижесі бойынша педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызының жетекшілігімен «Журналистика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Шалабаева Аймарал ІІ дәрежелі орынмен және Қоғау Диляра Дарынқызы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жас ғалымдар бас қосқан бұл конференция – ғылымға құштар жандар үшін тың идеяларын ортаға салып, өзара пікір алмасуға, тәжірибе жинап, кәсіби әлеуетін арттыруға тамаша мүмкіндік болды.

Секциялық отырыстарда заманауи ғылымның өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, қатысушылар өздерінің жаңаша көзқарастары мен тұжырымдарын ортаға салды. Әрбір баяндамадан ізденіс пен ізгі ниет байқалып, зияткерлік әңгімелер мен ашық диалогтар шараның мазмұнын байытып, мәнін тереңдете түсті.

Педагогика және психология кафедрасы