Бес елдің студенттері ҚАЕУ Халықаралық Көшбасшылық Академиясына жиналды

Болашақ көшбасшыларды дамыту жөніндегі миссиясының бір бөлігі ретінде Қазақстан-Американдық еркін университеті Co-Serve International (Портленд, Орегон, АҚШ) ұйымымен бірлесіп Халықаралық Көшбасшылық Академиясын — әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттерге арналған бірегей білім беру бағдарламасын өткізуде.

2025 жылы Академия Өскемен қаласында бес елдің: АҚШ, Ауғанстан, Таиланд, Филиппин, Қазақстаннан 32 қатысушыны біріктірді.

Академия бағдарламасы қатысушыларды Қазақстандағы көшбасшылықтың көрнекті үлгілерімен таныстыруға арналған. Бірнеше апта ішінде студенттер 12 жетекші ұйымға барады, табысты көшбасшылармен кездеседі және адамдарды дамыту және мықты командалар құру арқылы көшбасшылар қоғамға қалай қызмет ететінін біледі. Маңызды сәттердің бірі – ҚАЕУ басшыларымен және профессорларымен кездесу мүмкіндігі.

Академияда  International Servant Leadership Program бағдарламас ыерекше орын алады, ол студенттер, магистранттар және докторанттарға арнап әзірленген  бірегей курс. Бағдарламаның негізінде –  қызмет ету,  тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке және кәсіби әлеуетті ашу,  команда құру, ортақ мақсаттарға жету үшін күш-жігерді біріктіру  қағидаттары жатыр.

Халықаралық көшбасшылық бағдарламасының міндеттері:

* жеке және кәсіби көшбасшылық әлеуетін дамыту,

* мәдениетаралық  қатынас дағдыларын меңгеру,

• халықаралық байланыстарды нығайту,

• халықаралық компанияларда жұмыс істеу үшін ағылшын тілін жетілдіру,

* басқару мен  командалық жұмыстың жаңа, тиімді тәсілдерін меңгеру.

2025 Академиясы ресми түрде 2025 жылдың 28 мамырында Горная Ульбинка маңындағы көркем жерде – Изумрудный жазғы лагерінде бағдарлау күнімен басталды. Онда қатысушылар бір-бірімен танысып, жоспарларын талқылап, алдағы шабыттандыратын және нәтижелі сапарға дайындалды.

Біз, Қазақстан-Американдық еркін университеті әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыруға арналған алаңға айналғанын мақтан тұтамыз!