«Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы магистратура

Дәрежесі: құқық магистрі,  «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша заңтану ғылымдарының магистрі. 

Біліктілік сипаттамасы: «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның түлегінің іргелі ғылыми және кәсіптік дайындығы болу керек, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу, сақтау әдістерін қосып алғанда заманауи ақпарттық технологияны меңгере білуі,   қазіргі ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін және түйініні таба білу, 6М030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу/эксперименталды–зерттеу қызметін жүргізу және жоспарлау, жоо-да оқытушылық қызметте болу, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра білуі қажет. 

Кәсіптік қызмет саласы:  құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет пен басқарудың атқару және сайланған органдары,адвокатура, сот, банкілер, әділет органдары, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, жоо, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, сонымен қатар магистрлер  (PhD) акадеиялық дәрежесін алу үшін ары қарай жалғастырып білім алуға мүмкіндігі бар. 

Кәсіптік қызмет түрлері:

  • бейінді дайындық бойынша: әкімшілік-басқару, эксперттік-кеңес, заң, ұйымдық-басқару; 
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: білім беру, ғылыми-зерттеу, әдістемелік.

Дәрежесі:  Әлеуметтік білімдер магистрі, «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі

Біліктілік сипаттамасы: «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы магистратурасының түлегі халықаралық қатынастардың қазіргі жетістіктері және маңызды мәні бар мәселелер туралы ұғымы болу керек. Қазіргі халықаралық-саяси процестің заңдылықтары туралы білу, өзінің әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік, әлеуметтік рөлін ұғыну. Мамандану аясында қаланған білімнің негізін білу; әлемдік бірлестік субъектілерінің өзара әрекет принциптерін, маңызын білу, қазіргі әлемдегі жаһандану және интеграция процесстері. 

Кәсіптік қызмет саласы:  құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет пен басқарудың атқару және сайланған органдары,  ,адвокатура, сот, банкілер, әділет органдары, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, жоо, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, сонымен қатар магистрлер  (PhD) академиялық дәрежесін алу үшін ары қарай жалғастырып білім алуға мүмкіндігі бар.

Кәсіптік қызмет түрлері:

  • бейінді дайындық бойынша: халықаралық қатынастар, сыртқы саясат мемлекет аралық байланыс, халықаралық ұйымдар мәселесімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі аналитикалық орталықтар, ұйымдар, мекемелер.
  • ғылыми-педагогикалық бағытта: ғылыми-зерттеу мекемелері, аналитикалық орталықтар, ұйымдар жоғары оқу орындары,  сыртқы саясат, мемлекет аралық байланыс, халықарлық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелер, халықаралық ұйымдар, институттар, қорлар, БКБ.