Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

«Бизнес» кафедрасы туралы

Кафедраның барлық мамандықтарында ACBSP ұйымының халықаралық аккредитациясы бар (бизнес-мектеп пен бағдарламалардың алқа Ассоциациясы), АҚШ.

«Бизнес» кафедрасы қызметінің басқы мақсаты– экономика және басқару салаларында аса білікті мамандарды сапалы даярлау үшін жағдайлар жасау. Жыл сайын «Бизнес» кафедрасы барлық білім беру формасы бойынша 250 ден аса  түлек шығарады. Кафедра оқу үдерісін ұйымдастыруда инновациялық сабақ беру әдістерін қолданады. «Кейс-стади» әдісі, іскерлік ойындар , жағдайлық модельдеу, дөңгелек үстелдер оқу үдерісінің белсенділігін арттырады, оған  талпынып тарпыну элементін еңгізеді және студенттерге оқуларын күнделікті өмірдегі тәжірибеге жақындауға мүмкіндік береді. Үнемі ашық іс шаралар өткізіледі: студенттердің ғылыми баяндамаларының презентациясы, студенттік конференциялар, курстық жобаларды ашық түрде қорғау, рефераттар конкурстары.

Кафедраның ғылыми қызметі университеттің оқу-ғылыми бөлімшесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан кафедрадағы профессорлық-оқытушылық құрамның,  оның ғылыми потенциалын бекітуде мәні зор, ғылым мен білім берудегі интеграциясының кушейуі. Ғылыми қызметтерге келесі бағыттар кіреді: ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысу, магистранттар мен докторанттарға жетекші болу, кафедрадағы оқытушылардың 100%-дық жетістіктері, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмысқа қатысу, монографияны дайындау, алдыңғы қатарлы журналдар мен басылып шыққан басылымдардың міндетті мониторингі шығатын  өзге басылымдарда  ғылыми басылымдардың басылуы. «Бизнес» кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары іске асырылады 3 инициативті ғылыми-зерттеулік тақырыптар бойынша , Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында тіркелген: «Қазақстандық банктердің даму стратегиясына қаржылық глобализацияның әсері», «Экономикалық және ғылыми техникалық өсудегі Қазақстандық модельдің құрылуындағы  халықаралық тәжірибені рационалды қолдану», «Физикалық үдерістер мен металлдардағы нано құрылым деңгейінде интеграциялық үдерістердің контексінде  компьютерлік модельдеу ».

ҒЗЖ жүйесін ұйымдастыру мен дамыту «Бизнес» кафедрасында мамандарға жоғары кәсіпкерлік білім беруде ғылыми дайындық деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі, ғылыми жұмыстарға құлшынысы бар дарынды студенттерді анықтау, оларды келешекте , магистратура мен докторантурада оқыту және Университеттің ғылыми-педагогикалық кадрларын толтыру, сонымен қатар ҚАЕУ-інің интеллектуалдық потенциалын сақтау және орындау негізінде, және ғылым мен білім беру интеграциясын ары қарай дамыту. 

«Бизнес» кафедрасында  болашақ бакалаврларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру мен дамытуға бағытталған тәрбиешілік жұмыстар жүргізіледі. Оқу топтарының кураторлары  үнемі студенттермен ұжымдық және жеке іс шаралар ұйымдастырады: театрға, музейге бару; көрмелерге, форумдарға қатысу; топтық жиналыстар өткізу туденттердің оқу үлгерімін, ғылыми және творчестволық жетістіктерін талқылап.