Дэниел Бесединмен шығармашылық кездесу
2023 жылғы 23 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Дэниел Бесединмен брифинг – шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараға “Журналистика” білім беру бағдарламасының 1, 2 және 3 курс студенттері қатысты. Кездесу ҚАЕУ Медиахаб алаңында АҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасы аясында “Медиасауаттылық құзыретті қоғамды қалыптастырудың кілті ретінде” жобасы аясында өтті.
Дэниел Беседин – “Jibek Joly TV” YouTube – арнасындағы өз шоуының жүргізушісі, кәсіби журналист және оқытушы – студенттермен өзінің мансабындағы қызықты деректермен бөлісіп, журналистік және кәсіби қызметі туралы айтып берді.
Дэниэл болашақ журналистермен әңгіме өткізді, олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, қазіргі журналистиканың өзекті мәселелерін, оның даму үрдістерін, мамандықтың күшті және әлсіз жақтарын талқылады.
Кездесу оң көңіл-күймен аяқталды, студенттер спикерге уақытты қызықты өткізгені үшін алғыстарын білдірді.
Жұртшылықпен байланыс орталығы










