Халықаралық көшбасшылық: Көшбасшылық академиясының – 2025 соңғы халықаралық конференциясы

2025 жылғы 11 маусымда Қазақстан – Американдық еркін университетінде Қазақстан, АҚШ, Ауғанстан, Таиланд және Филиппин қатысушыларын біріктірген Көшбасшылық академиясының-2025 қорытынды халықаралық конференциясы өтті.

«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасы (ISLP – International Servant Leadership Program) Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Co-Serve International халықаралық ұйымы (Портленд қ., АҚШ) арасындағы  серіктестік  аясында іске асырылады. Оның мақсаты – студенттердің, магистранттардың және докторанттардың қоғамға қызмет ету, жеке тұлғаны құрметтеу, әлеуетін ашу және тиімді топтық жұмыс  қағидаларына негізделген заманауи көшбасшылық дағдыларын дамыту.

Бағдарлама мыналарға бағытталған:

– жеке және кәсіби көшбасшылық әлеуетті ашу;

– жастар арасында мәдениетаралық коммуникацияны дамыту;

– Қазақстанның және басқа елдердің жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық байланыстарды нығайту.

Бағдарлама аясында қатысушылар «Аналар үйі» дағдарыс жағдайындағы әйелдерге көмек көрсету орталығына, «Garage» көшбасшылар клубына, Өскемен қаласының этнопаркіне және балаларды қорғау күніне арналған концертке, «Шығыс Универсал» ЖШС, Өскемен балалар арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына, «Каравай» нан зауытына, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға және американдық мәдени орталығына, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Таврия ауылындағы Шығыс Қазақстан облыстық хосписіне, «Топиха»  ер адамдарға арналған оңалту орталығы және басқа да ұйымдар мен мекемелерге барды..

Күн сайын пікірталастар, көшпелі іс-шаралар және рефлексиялық сессиялар болды. Қатысушылар топтарда өмірлік оқиғалармен бөлісті, өз құндылықтарын талқылады, жеке басымдықтарды анықтады және көшбасшының миссияларын тұжырымдады.

Конференция барысында жеке көшбасшылық миссияны қалыптастыруға ерекше назар аударылды – әрбір қатысушы оқу үдерісінде  әзірленген өз мақсаттары мен сенімдерін айтты. Салтанатты рәсімде түлектер қатысқаны туралы сертификаттар алды, ал бағдарлама аясында белсенді қатысқаны және әлеуметтік жауапкершілігі бар түрлі сала өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.

ҚАЕУ «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасының барлық қатысушыларына, серіктестері мен ұйымдастырушыларына көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысын білдіреді!