KAFU Open House & Welcome Day: Day 1

2024 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде “KAFU Open House & Welcome Day”іс-шарасы өтті.

Өскемен қаласы № 12, 20, 34, 36, 37, 38, 39 мектептерінің 11 сынып түлектері, сондай-ақ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» және «Облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» түлектері университетке барды. Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы аясында оқушылар ҚАЕУ бас оқу корпусына барып, бірқатар қызықты байқауларға, шеберлік сабақтарына қатысты, халықаралық серіктестік ЖОО артықшылықтары туралы білді, оқуға түсу, шетелде оқу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды, сондай-ақ кәдесыйлар мен бағалы сыйлықтар жеңіп алды.