KAFU Open House & Welcome Day: Day 2

2024 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «KAFU Open House & Welcome Day» іс-шарасының екінші күні өтті.

Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі, №49 жалпы білім беретін мектебі, №35, №46 орта мектептері, №45 орта бейінді мектебі, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің 11 сынып түлектері университетте болды.

Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы аясында оқушылар ҚАЕУ негізгі оқу корпусына барып, қызықты  байқаулар мен шеберлік сабақтарына қатысты. Олар сондай-ақ университеттің халықаралық серіктестігінің артықшылықтары туралы ақпарат алды, шетелге оқуға түсу және оқу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Іс-шара барысында қатысушылар өз білімдерін байытып қана қоймай, бағалы сыйлықтар мен кәдесыйлар ұтып алуға мүмкіндік алды.