Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» ББ бойынша қос дипломды магистратураның бірінші шығарылымы

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертациялар қорғалды. Бұл оқиға маңызды болды: Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетімен (Цвикау қ., Германия) бірлесіп жүзеге асырылатын қос дипломды бағдарлама шеңберінде магистранттардың алғашқы қорғауы өтті.

Бағдарлама 2023 жылы іске қосылды және цифрлық менеджмент саласында білімі және халықаралық академиялық ортада жұмыс істеудің  тәжірибелік дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Білім алушылар қазақстандық және неміс тарапынан ғылыми жетекшілердің қолдауына ие бола отырып, екі университетте даярлықтан өтті.

Магистранттар өздерінің зерттеу жұмыстарын сәтті ұсынды, жоғары дайындық деңгейін, зерттеудің заманауи әдістерін меңгергендігін, сондай-ақ басқаруды цифрландыру және жаһандық экономикалық сын-тегеуріндер  мәнмәтінінде таңдалған тақырыптардың өзектілігін көрсетті. Қорғау қорытындысы бойынша түлектерге екі университетте де магистр дәрежесі берілді.

Бұл жетістік білім беру саласындағы халықаралық серіктестіктің тиімділігін көрсетеді және академиялық ұтқырлыққа, бірлескен зерттеулерге және ҚАЕУ түлектерінің жаһандық кәсіби қоғамдастыққа интеграциялануына жаңа көкжиектер ашады.

Магистранттарды табысты қорғаумен құттықтаймыз және бағдарламаны іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін профессор-оқытушылар құрамына алғысымызды білдіреміз. Бұл үлкен жолдың басы ғана екеніне сенімдіміз – жаңа жетістіктер, жобалар мен жеңістер алда!

                                                                                              Бизнес кафедрасы