Олимпиадалық резерв мектебінің оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

2025 жылғы 12 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының “Спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің ШҚО мамандандырылған мектеп-интернаты колледжінің” болашақ талапкерлеріне арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.

Талапкерлерге құттықтау сөзін университеттің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Д. Бэлласт пен ҚАЕУ-дің маркетинг және қабылдау бөлімінің басшысы Бердібеков Азамат Бердібекұлы сөйледі. Олар ҚАЕУ-де білім алу мүмкіндіктері мен оқуға түсу жолдары, соның ішінде қысқартылған оқу бағдарламалары мен мемлекеттік грант алу мүмкіндігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

“Педагогика және психология” кафедрасының меңгерушісі Нұрланова А.Н. университетте білім алудың артықшылықтары, жатақханадағы тұрмыс жағдайлары және оқу орнын бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтты.

Іс-шара барысында оқытушы Ш. Нұрлатқызы ұйымдастырған квест-ойын мен ҚАЕУ-дің бас оқу ғимаратына экскурсия өтті. Онда мектеп оқушылары университеттің тарихымен және жетістіктерімен танысты.