Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

«Мен мамандығын таңдаймын»

2015 жылдың 28-қаңтарынан 2015 жылдың 3-ақпаны аралығында «Педагогика және психология» кафдрасының оқытушылары Вдовина Е.Н., Оракбаева М.К., Федорова И.А. және Сыдыканова Г.А  КММ «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығында»  кәсіптік бейімделу тренингтерін өткізді.  

Өскемен қаласы әкімдігінің КММ  «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығы» жалпы орта білім негізгі баспалдағының функционалды қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.    Бейінді мектеп оқу – өндірістік кабинеттерде жұмыс істейтін 15-18 жас аралығындағы оқушыларды оқытуды жүзеге асырады.  Бейінді мектепте Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып бойынша 1838 оқушы оқиды:   №5 ОМ, №27 ОМ,  №19 ОМ, №4 ОМ, №7 ОМ, №35 ОМ,  №39 ОМ, Меновное орта мектебі, №8 ОМ, №13 ОМ, №15 ОМ, №42 ОМ, №6 ОМ, №9 ОМ, №20 ОМ, №23 ОМ,  №33 ОМ. 

Мектеп оқушылары үшін ҚАЕУ туралы фильмдер мен алғашқы таныстырулар көрсетілді, әңгіме жүргізілді.  Оқушылар белсенді қатысып, өздері білгісі келген сұрақтарға жауап алды.

Оқытушылардың келесі кезеңі «Мен … … … мамандығын таңдаймын» тренингтер топтамасын өткізу, бұл тренингтер өзінің болашақ кәсібін белсенді жоспарлау процесіне бойлау жолымен жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімделуден хабардар болуын қалыптастыру мақсатында   өткізілді.    

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасы КММ «Қашықтықтан  және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығымен» ынтымақтастықты алдағы уақытта белсенді түрде жалғастыруды мақсат етіп қойып отыр.