«Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың инновациялық әдістері» тақырыбындағы вебинар

2025 жылдың 3 наурызында «Тұран-Астана» Университетінің Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясымен бірлесіп «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың инновациялық әдістері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға «Тұран-Астана» Университетінің студенттері, сондай-ақ Қазақстан-Американдық еркін университетінің (Өскемен қ.), Alikhan Bokeikhan University (Семей қ.), Мирас Университетінің ( Шымкент қ.) Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы студенттері, және ҚР ІІМ «№22 мекеме» ҚАЖК жанындағы ШҚО ББ «№ 1 Өскемен колледжі» КММ өкілдері қатысты.

ҚАЕУ атынан аталған вебинарға Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович және «Құқық және кеден қызметі» ББ 3 курс студенттері Бастаногов Никита мен Мырзақан Алина қатысты.

Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер:

Баймаханов Артур Әлішерұлы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, PhD докторы, әділет кеңесшісі;

Августхан Сырым Августханұлы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, PhD докторы, әділет кеңесшісі;

Сыздықов Жанат Ахатұлы, 1 курс магистранты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметінің аға тергеушісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің майоры.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың жаңа әдістері талқыланды, спикерлер осы мәселеге қатысты өздерінің ғылыми көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы