Саябақтағы Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар: Халықаралық Көшбасшылық Академиясының қатысуы

2025 жылғы 1 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университеті Co-Serve International (Портланд, Орегон, АҚШ) бірлесіп өткізетін Халықаралық Көшбасшылық Академиясының қатысушылары Өскемен қаласының орталық саябағында Балаларды қорғау күнін қалалық мерекелеуге қатысты.

Мерекелік бағдарлама аясында балаларға арналған музыкалық және би қойылымдары, интерактивті ойындар, шеберлік сабақтары мен аквагрим өтті. Академия мүшелері үшін бұл жергілікті дәстүрлерге жанасып қана қоймай, мәдениетаралық қарым-қатынас, көшбасшылық және командалық жұмыс дағдыларын нығайтудың маңызды мүмкіндігі болды. Мұндай іс-шаралар Академия мүшелеріне қоғамға қызмет етудің, бірлескен бастамалар мен халықтар арасындағы достықтың құндылығын жақсы түсінуге көмектеседі.

Мерекеден кейін халықаралық дәм татып, шай  ішу (International Рotluck) өтті, онда Академия мүшелері өз елдерінің — Ауғанстан, Таиланд, Филиппин, АҚШ және Қазақстанның тағамдарын ұсынды және бірлік пен өзара түсіністік  ахуалын құра отырып, өз мәдениетінің бір бөлігімен бөлісті.