Семинар “How Can I publish my manuscript in the IJED?”
2023 жылғы 26 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінде “International Journal of Educational Development” халықаралық ғылыми журналының (Еlsiever баспасы) бас редакторы, американдық профессор Стефан Хейнеманның сапары аясында “How Can I publish my manuscript in the IJED?”оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін семинар болып өтті.
Стефан Хейнеман – Вандербилт Университетінің жоғары білім беру мектебінің профессоры, жоғары білім беруді басқару және білім беру саясаты бойынша сарапшы.
Scopus және Web of Science сияқты ғылымиметриялық дерекқорларға кіретін халықаралық ғылыми журналдарда жариялау қазіргі әлемде бүкіл әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелілігінің негізі болып табылады. Жас ғалымдар “International Journal of Educational Development” журналында өздерінің ғылыми мақалаларын жариялау ерекшеліктері туралы білуге, редакторға тікелей сұрақтар қоюға және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Қазақстан-Американдық еркін университеті ғылыми зерттеулер үшін жаңа перспективаларды ашуға және білім беру саласындағы ынтымақтастық үшін тәжірибелі, ірі шетелдік ғалымдарды тартуға көп көңіл бөледі.
Ғылыми-зерттеу бөлімі