Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

«Шет тілдер» кафедра меңгерушісі

Новицкая Юлия Васильевна

Аты-жөні, тегі: Новицкая Юлия Васильевна, M. Ed.

Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі

Мекенжайы: М.Горький к., 406 каб.

Электронды мекенжай: ynovitskaya@gmail.com

 Телефон: 8/7232/50-28-33

Новицкая Юлия Васильевна – 1971 жылы туған. Білімі жоғары, M.Ed.. Педагогикалық қызметінің жалпы өтілі -23 жыл. 1993 жылы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетіндегі шет тілдер факультетін бітірген; ағылшын және неміс тілінің мұғалімі мамандандырылуы берілген. Оқуын аяқтаған соң, Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінде ағылшын тілінің практикалық курсы кафедрасында оқытушы ретінде еңбек жолын бастаған. 1996 жылы ШҚМУ-дың тіл мен аударма кафедрасының аға оқытушысы қызметіне ауыстырылған,  2001-2003 жылдары ШҚМУ-дың шет тілдер факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. 2003 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Vanderbilt University магистратурасында білім беру грантын жеңіп алды. (Нэшвилль қ., Теннесси штаты, АҚШ). 2005 жылы «Жоғарғы білімді басқару» мамандығы бойынша Vanderbilt University магистратурасын аяқтап, «Білім беру магистрі» дәрежесін алды. Letourneau университетінде  (Лонгвью қ., Техас штаты) «Қызметкерлерді басқару» курсы бойынша қашықтықтан білім алды. 2014 жылдың маусым айында Новицкая Ю.В.  Ньюкаслдық университетте (Ньюкасл қ., Ұлыбритания) педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру курсын сәтті аяқтады. 2015 жылдың ақпан-наурыз айларында Warner Pacific университетінде ( Портленд қ., Орегон штаты, АҚШ) «Visiting International Professor» кәсіби даму бағдарламасы бойынша оқытылды, 2016 жылдың тамыз  айында Сингапур қаласында (СингапурРеспубликасы) кәсіби даму бағдарламасына қатысты. Новицкая Ю.В. British Council мен «Ғылым фонды» АҚ арасындағы серіктестік бағдарламасы шеңберінде ҚАЕУ-да ашылған Кәсіби даму мен өзара әрекеттестік орталығының үйлестірушісі болып табылады. Тәжірибесі бар аудармашы, «Ағылшынша-Орысша» тілдік жұппен жұмыс істейді, ауызша және жазбаша бірізді аударма жасайды. Жыл сайын магистратура мен доктарантура бағдарламалары бойынша ағылшын тілінен қабылдау емтихандарын өткізуде Республикалық аппеляциялық кеңестің мүшесі болады, ғылыми және әдістемелік қызметпен айналысады. Шет тілдерін оқыту әдістемесі, аударманы оқыту, сонымен қатар жоғарғы білім берудің реформалануы жағдайында өзгерістерді басқарудың ұйымдастырушылық аспектілері сияқтылар – Новицкая Юлия Васильевнаның ғылыми және кәсіби қызығушылықтарының шеңберіндегі тақырыптар болып табылады.