Арнайы емтихан

B003 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», В016 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»,  В017 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау», В018 «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары тобына түсетіндер үшін

Арнайы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға бағытталған. Емтихан барысында педагогикалық жағдай шешіледі. Емтихан кезінде талапкерлерге педагогикалық әдістерді қолдана отырып нақты мысалдар мен деректер ұсынылады.

Шығармашылық білім беру бағдарламаларына үміткерлер үшін құжаттар тізімі

  • Аттестат/диплом, қосымшасы (түпнұсқа)
  • ҰБТ сертификаты
  • 075/у форматындағы медициналық анықтама
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Фото 3х4 – 4 дана.
  • Скоросшиватель және конверт