Запастағы лейтенанттың погондары ҚАЕУ түлектеріне табысталды
2025 жылғы 30 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университетіндегі шығарылым күні дипломдармен ғана емес, болашақ Отан қорғаушылар үшін маңызды оқиғамен де есте қалды.
Салтанатты рәсім аясында запастағы подполковник, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының аға оқытушысы. Санат Мейерханұлы Қаражігітов әскери дайындық бағдарламасын сәтті аяқтаған түлектерге запастағы лейтенант погондарын табыс етті.
Запастағы лейтенант құрметті атағын алғандар:
– Баранов Богдан Сергеевич
– Бесембаев Әділ Серқанұлы
(«Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы, Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы)
– Бөкембаев Әмір Бекболатұлы
(«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы, Педагогика және психология кафедрасы)
Бұл еңбекқорлық пен тәртіп үшін лайықты марапат қана емес, сонымен қатар Отанға қызмет етуге дайын болудың белгісі. Түлектерімізді осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз және өмірдің жаңа кезеңінде сенімді бастама тілейміз!



