Университеттің негізін салушы тұлғаның мерей тойына орай 2012ж күзде университетте Е.Ә.Мәмбетқазиев атындағы мұражай ашылды.
Әр мұражайдың өзінің қалыптасқан бояуы, қайталанбас бейнесі болады. Мұражайда университеттің құрылу, даму тарихы, басымдылықтары мен жетістіктері, университетті құрушы тұлғалар туралы, басшылықтың қол астында ҚАЕУ жобасымен жұмыс істеген адамдар жайлы кеңінен қамтылған ақпараттар жинақталған, ҚАЕУ бүгінгі таңда осы жобамен болашаққа қарай аяғын нық басып келеді
https://kafu.edu.kz/kz/aeu-miri/aeu-m-razhajy.html#sigProGalleriac44dfcef5f
Жеке экспозиция биік рухты, жоғары саналы тұлға ҚАЕУ-дің негізін салушы-Ережеп Мәмбетқазиевке арналған. Ол білім, ғылым ісін реформалаудағы жоо-ның практикасына енгізген бір қатар иновацияның авторы: тестілеу, «Болашақ» Президенттік бағдарламасы арқылы интеллектуалды элитаны дайындау, үш тілділік, «бакалавр-магистр-Ph.D докторы», аймақтық университеттер т.б.
Ережеп Әлхайырұлы қазақстандық координациялық қосылыстардың электрохимиялық ғылыми мектебін құрды. Монографиялар мен оқулықтарды қосып алғанда 740 ғылыми еңбектің авторы, олардың басым көпшілігі АҚШ, Европада, Ресейде, Қытайда, Моғолияда қайта басылып шықты. Қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан үлесі үшін әлемдік және республикалық деңгейдегі атақтар мен марапаттармен лайықты мадақталған. Мұражайдың негізгі экспонаты ҚАЕУ Президентінің өмірі мен қызметі туралы альбом болып табылады.
https://kafu.edu.kz/kz/aeu-miri/aeu-m-razhajy.html#sigProGalleriafc9d01346e
Мұражайда «Президент бұрышы» деп аталатын барлығының назарын аударатын экспозиция - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың университетке келуіне орай арнайы қойылған бұрыш. Н.Ә.Назарбаев ҚАЕУ-нің ашылу салтанатында және оның алғашқы түлектеріне диплом тапсыру кешіне қатысқан.
https://kafu.edu.kz/kz/aeu-miri/aeu-m-razhajy.html#sigProGalleria882f2c6d96
Мұражайдың орталық орнын халықаралық серіктестігі меншік жоо-н бірлескен жобамен құру бойынша екі елдің, екі континенттің, екі халықтың белгісінің композициясы-Стелла алады.
https://kafu.edu.kz/kz/aeu-miri/aeu-m-razhajy.html#sigProGalleriac404cd0eff
«Халықаралық ынтымақтастық» композициясында ҚАЕУ-нің дүние жүзі бойынша білім беру ұйымдарымен және жетекші университеттерімен ынтымақтастығы туралы ақпарат берілген.
Мұражайда шетелдік ұйымдармен алғаш жасасқан келісім шарттың құжаттары, ресми хаттар сақталған. Университетке қатысты кең камтылған фотогалерея бар. Құнды экспонаттар: түлектердің дипломдары, халықаралық ұйымдардың сертификаттары, сонымен қатар түлектердің студенттік билеттері мен зачет кітапшасы сақталған.
https://kafu.edu.kz/kz/aeu-miri/aeu-m-razhajy.html#sigProGalleria6ded9d16f4
«ҚАЕУ-дің мақтаныштары мен спорттық даңқы» тарауында халықаралық категориядағы спорт шеберлерінің спорттық марапаттары, мақтау қағаздары мен кубоктары қойылған.
Студенттік өмір мәліметтері жақсы берілген. «Студенттік даму орталығы» қамқорлығы аясында түрлі іс шаралар мен конкурстар өткізіледі, қоғамдық және жастар ұйымымен байланыс орнатылған. Осының бәрі жастардың шығармашылығын дамытуға, спорттық іс шаралар өткізуге, студенттердің ғылыми белсенділігіне ықпал етеді.
https://kafu.edu.kz/kz/aeu-miri/aeu-m-razhajy.html#sigProGalleria8bab08d336
Мұражайда университеттің құрылымдық бөлімшелерінің стендтері бар, онда университеттің білім және ғылым саласындағы жетістіктері, тарихының негізгі кезеңдері, оқу-әдістемелік жұмысы көрсетілген.
https://kafu.edu.kz/kz/aeu-miri/aeu-m-razhajy.html#sigProGalleriaf16702918a
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
С 8 МАРТА!
2021 Наурыз 05 -
Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша аймақтық семинар
2021 Ақпан 25 -
Ымдау тілі туралы вебинар.
2021 Ақпан 25 -
Еріктілер қозғалысы- біздің болашағымыз!
2021 Ақпан 25
Хабарландыру
-
2021 Ақпан 04
Destination Zero: a youth climate innovation challenge
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы