Аты-жөні, тегі: Новицкая Юлия Васильевна, M. Ed. Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Мекенжайы: М.Горький к., 406 каб. Электронды мекенжай: ynovitskaya@gmail.com Телефон: 8/7232/50-28-33 |
Новицкая Юлия Васильевна – 1971 жылы туған. Білімі жоғары, M.Ed.. Педагогикалық қызметінің жалпы өтілі -23 жыл. 1993 жылы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетіндегі шет тілдер факультетін бітірген; ағылшын және неміс тілінің мұғалімі мамандандырылуы берілген. Оқуын аяқтаған соң, Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінде ағылшын тілінің практикалық курсы кафедрасында оқытушы ретінде еңбек жолын бастаған. 1996 жылы ШҚМУ-дың тіл мен аударма кафедрасының аға оқытушысы қызметіне ауыстырылған, 2001-2003 жылдары ШҚМУ-дың шет тілдер факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. 2003 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Vanderbilt University магистратурасында білім беру грантын жеңіп алды. (Нэшвилль қ., Теннесси штаты, АҚШ). 2005 жылы «Жоғарғы білімді басқару» мамандығы бойынша Vanderbilt University магистратурасын аяқтап, «Білім беру магистрі» дәрежесін алды. Letourneau университетінде (Лонгвью қ., Техас штаты) «Қызметкерлерді басқару» курсы бойынша қашықтықтан білім алды. 2014 жылдың маусым айында Новицкая Ю.В. Ньюкаслдық университетте (Ньюкасл қ., Ұлыбритания) педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру курсын сәтті аяқтады. 2015 жылдың ақпан-наурыз айларында Warner Pacific университетінде ( Портленд қ., Орегон штаты, АҚШ) «Visiting International Professor» кәсіби даму бағдарламасы бойынша оқытылды, 2016 жылдың тамыз айында Сингапур қаласында (СингапурРеспубликасы) кәсіби даму бағдарламасына қатысты. Новицкая Ю.В. British Council мен «Ғылым фонды» АҚ арасындағы серіктестік бағдарламасы шеңберінде ҚАЕУ-да ашылған Кәсіби даму мен өзара әрекеттестік орталығының үйлестірушісі болып табылады. Тәжірибесі бар аудармашы, «Ағылшынша-Орысша» тілдік жұппен жұмыс істейді, ауызша және жазбаша бірізді аударма жасайды. Жыл сайын магистратура мен доктарантура бағдарламалары бойынша ағылшын тілінен қабылдау емтихандарын өткізуде Республикалық аппеляциялық кеңестің мүшесі болады, ғылыми және әдістемелік қызметпен айналысады. Шет тілдерін оқыту әдістемесі, аударманы оқыту, сонымен қатар жоғарғы білім берудің реформалануы жағдайында өзгерістерді басқарудың ұйымдастырушылық аспектілері сияқтылар - Новицкая Юлия Васильевнаның ғылыми және кәсіби қызығушылықтарының шеңберіндегі тақырыптар болып табылады.
Кафедрада келесі мамандықтар бойынша білім беріледі: «Аударма ісі», «Шет тілі: екі шет тілі» (ағылшын), «Аударма ісі», «Шет тілі: екі шет тілі» (неміс) және «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі» мамандықтары бойынша магистрлерді дайындау жүзеге асырылады.
Шет тілдері кафедрасында 15 штатты оқытушы қызмет атқарады. ОПҚ орта жасы – 39 жас. Кафедраның барлық оқытушысында магистр академиялық дәрежесі бар, шет тілдерін оқытуды терең білімге, мәдениаралық қарым-қатынастағы тәжірибеге ие, әрқашан өз кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс жасайды. Жыл сайын оқытушылардың 100%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Кафедрадағы біліктілікті арттырудың негізгі формалары - Гете-Институттың тілдік семинарларына қатысу, ҚАЕУ семинарлары мен тренингтеріне қатысу, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (Алматы қ.) және Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын «Өрлеу» БАҰО, АҚШ университеттеріндегі тағылымдамаларға қатысу.
«Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» мамандықтарының студенттері заманауи білім беру нарығының талаптарына жауап беретін жұмыс оқу бағдарламалары бойынша білім алады. «Аударма ісі» мамандығының студенттері үшін ауызша және жазбаша аударма бойынша мамандандырылуға ие болуға мүмкіндік беретін білім алу траекториялары енгізілсе, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері үшін балалар/ересектер аудиториясында шет тілін оқыту бойынша мамандандырылуға ие болуға мүмкіндік беретін білім алу траекториялары енгізілген.
«Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» мамандықтарының студенттері шет тілдерін оқытуда коммуникативті әдістемеге негізделген үздік оқу құралдары бойынша білім алады. Тілдік мамандықтардың барлық студенттері екі шет тілін оқиды. Негізгі шет тілі ретінде ағылшын және неміс тілін оқиды, ал екінші шет тілі ретінде студенттер неміс, испан, француз немесе түрік тілін таңдай алады.
Кафедра жұмысының шеңберінде студенттердің «Lingua» ғылыми үйірмесі жұмыс жасауда. СҒҮ жұмысы ғылыми-ұйымдастыру бөлімімен, шет тілдері кафедрасымен, университеттің студенттік орталығымен тығыз қатынаста жұмыс істейді.
Шет тілдері кафедрасына бекітілген арнайы жабдықталған кабинет те бар. Лингафонды кабинет заманауи жабдықталған және шет тілдерін оқыту үрдісінің барлық талаптарына жауап береді. Онда лингафонды құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге қажеттінің барлығы бар компьютерлер бар. Орнатылған бағдарламалық қамсыздандырылу ЖОО оқытушылары үшін әдістемелік диапазонды кеңейтіп, оқытылатындарға ең заманауи материалдарды ұсынуға мүмкіндік береді.
ҚАЕУ колледжі, ҚЭК, қалалық жалпы білім беру және арнайы тіл оқыту мектептері тәжирибе өту орындары болып табылады,ЖШС «Sieg», ЖШС «Деловые консультации», АҚ «Шығысмашзауыты», тіл орталығы «Best», тіл орталығы «Oxford Team», ЖШС «Лингво-Интенсив», ЖШС «Қазмырыш», АҚ «Орика Казахстан», А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана, АҚ ШҚ РЭК, АҚ «Өскемен арматура зауыты» және басқа кәсіпорындар мен ұйымдар тәжірибе өту орындары болып табылады
6В01703, 6В01704, 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс тілі)» білім беру бағдарламасы
- Аудирование және сөйлеу бойынша практикум
- Екінші шетел тілі (испан, неміс, түрік, француз тілі)
- Елтану (ағылшын, неміс тілі)
- Іскерлік шетел тілі
- Кәсіби бағдарланған шет тілі язык
- Көптік интеллект теориясының негіздері
- Лингвистикалық зерттеулер жүргізу негіздері
- Лингводидактика
- Мамандандырылған кәсіби шет тілі
- Мәдениетаралық қарым-қатынастың негізі
- Негізгі шет тілінің ауызша және жазба тілінің практикасы
- Негізгі шетел тілі теориялық грамматикасы
- Академиялық мақсаттағы тіл
- Негізгі шетел тілінің лексикологиясы
- Негізгі шетлің білімін бағалау мен бақылау
- Оқытылатын тіл елінің әдебиеті (ағылшын, неміс тілі)
- Педагогика
- Педагогикалық қызметтің заңнамалық реттелуі
- Пән және тілдік кешенді оқытудың негіздері
- Практикалық грамматика
- Практикалық грамматика (морфология)
- Стилистика
- Тіл біліміне кіріспе
- Үйде оқу
- Шет тілін оқытудағы ақпараттық технологиялар
- Шетел тілі
- Шетел тілі (Екінші)
- Шетел тілін оқыту әдістемесі
6В02301, 5В020700 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы
- Академиялық мақсаттағы тіл
- Ақпараттық аударма практикасы
- Аударма теориясы
- Ауызша аударма практикасы
- Екінші шет тілінің жазбаша аудармасының тәжиірибесі
- Екінші шетел тілі (неміс, испан, түрік)
- Жазбаша аударма практикасы
- Жеке аударма теориясы
- Іскерлік құжаттардың аудармасы
- Классикалық тілi: Латын
- Көркем аударма практикасы
- Қазақ/ орыс және шет ел тілдерінің функционалды стилистикасы
- Мамандырылған кәсіби шет тіл
- Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі базалық шет тілі
- Мәтіннің аударма алдындағы сараптамасы
- Негізгі шет тілі бойынша лексико-грамматикалық пратикум
- Негізгі шет тілінің ауызша және жазба тілінің практикасы
- Негізгі шет тілінің тарихы мен қазіргі типологиясы
- Оқылатын тіл теориясының негіздері
- Педагогикалық қызметтің заңнамалық реттелуі
- Практикалық грамматика (морфология)
- Техникалық аударма
- Тіл біліміне кіріспе
- Тілі оқылатын елдің әдебиеті және аударма мәселелері
- Үйде оқу
- Шетел тілі
7М01701,7М01702 «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы
- Ана тілі мен шетел тілінің салыстырмалы типологиясы
- Білімді бағалау және бақылау
- Ғылыми мәтіннің стилистикасы
- Екінші шет тілі
- Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен оның мәні
- Жоғары мектептің педагогикасы
- Корпустық лингвистика
- Лингвистикалық және әдістемелік зерттеулердің заманауи әдістері
- Негізгі және екінші шет тілінің салыстырмалы лингвистикасы
- Шет тілінде білім берудің қазіргі әдістемесі
- Шет тіліне оқытудың қазіргі технологиялары
- Шеттілдік білім берудегі коммуникативтік-когнитивтік тәсіл
7М02301, 7М02302 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы
- Аударма және мәдениетаралық коммуникацияның жалпы теориясына арналған семинар
- Аударма практикасы мен теориясының қазіргі әдістемесі.
- Аударманың дискурсивтік және функционалды-прагматикалық мәселелері
- Білім беру саласындағы жобаларды басқару
- Ғылыми мәтіннің стилистикасы
- Дискурс талдау негізіндегі жазбаша аударма практикасы
- Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен оның мәні
- Корпустық лингвистика
- Қоғамдық-саяси аударма
- Лингвистикалық және әдістемелік зерттеулердің заманауи әдістері
- Шетел тілі (кәсіби))
Самойлова-Цыплакова Инна Михайловна
2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Моисеева Елена Александровна
2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Кравченко Алексей Валерьевич
2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Бугаева Юлия Алексеевна
2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Мещерякова Татьяна Сергеевна
2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Гофман Оксана Иосифовна
2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Фоминых Елена Игоревна
2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Кулик Татьяна Александровна
2005 ж. бітірген, маманы «Шет тілі: екі шет тілі». 2007 жылы (маманы «Шет тілі: екі шет тілі») бойынша ҚАЕУ магистратурасын бітірді. Қазіргі уақытта ҚАЕУ-да шет тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
File | Категория | File size | Downloads |
---|---|---|---|
![]() | 1630 kB | 0 |
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:30
Сб: 9:00-14:30
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30