Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

"Мұқағалидың үш бақыты"

 

T42A0797
T42A0806
T42A0807
T42A0808
T42A0814
T42A0820
T42A0825
T42A0835
T42A0856
T42A0861

 

9-ақпан күні Қазақстан- Американдық еркін университетінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған "Мұқағалидің үш бақыты" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шараны ұйымдыстыруда Журналистика мамандығының 1-курс студенттері ерекше белсенділік танытты.

Мерекелік кеш барысында тау тұлғалы ақынның өлеңдері еске алынып, әндері шырқалды. Шара шымылдық жас ақын Тасқынбек Құндыздың құттықтау сөзімен ашылып, Ғадылбекова Жанар, Жулубаева Еркежанның мәнерлеп оқыған өлеңдерімен жалғасты. Ақынның шығармаларын қазақ тілінен орыс тіліне аударылған үлгісін Еремеева Елизаветта, Бостоногова Татьяна шебер оқып шықты. Сыршыл ақынның “Есіңе мені алғайсың” әні Құралдық Аяулымның орындауында жаңа үнге ие болғандай әсер сыйлады. Кеш жүргізушілері Сәрсеков Берік пен Медельбекова Жібек ақын жайлы презентацияларын қорғап, көрермендер дарабоз ақынның өмірі, шығармашылығы туралы маңызды мәліметтермен танысты. Шара жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылардың көңілінен шыға білді.

Педагогика және психология кафедрасы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru