Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Еріктілер қозғалысы- біздің болашағымыз!

 

30559eeb-7ff4-4a73-92ab-36bdd494053c
e9f5ad77-4726-4aab-a581-8e27ba226193
c3ee00d1-6e5e-4190-b92e-f54d2583e9a8
ed56cce3-eb97-468d-a7bf-8b1b66dbdae4
WhatsApp-Image-2021-02-16-at-105751-1
1
WhatsApp-Image-2021-02-16-at-103259-1
WhatsApp-Image-2021-02-16-at-105751
WhatsApp-Image-2021-02-16-at-105752-2
----2

Еріктілер - бұл әлемнің көптеген елдерінде дамыған, өмірді жақсартуға бағытталған, ізгілікті азаматтық қоғам құрудың маңызды бөлігі болып табылатын ерікті қозғалыс. Еріктілік адамға айналасында болып жатқан жағдайларға жеке азаматтық жауапкершілік сезінуге мүмкіндік береді. "Әлеуметтік студенттік несие" жобасы 2020 жылдың қыркүйегінде Жастар жылы аясында іске қосылып, студенттерді әлеуметтік және қоғамдық пайдалы қызметке тарту арқылы еріктілер қозғалысын қолдауға бағытталды. Жоба 11 бағыт бойынша жүзеге асырылады және ұзақ мерзімді сипатқа ие. Бұл жоба аясында студенттер қоғамдық жұмыстардың нәтижелері бойынша ақшалай төлемдер мен академиялық несиелер алады. Мысалы, студенттер 20 сағат жұмыс істегені үшін 20 мың теңге және 50 сағат жұмыс істегені үшін 50 мың теңге мөлшерінде ақшалай төлем алады. Бір студент бір қаржы жылында тек 70 сағат жұмыс істей алады.

Еріктілердің "Student.Qazvolunteer.kz" бірыңғай интернет платформасы волонтерлік қызметке қатысушылардың өзара қарым-қатынас жасауларына мүмкіндік береді. Платформада кез келген адам онлайн-тіркеуден өтіп, волонтерлік қызметке қосыла алады. Көптеген адамдар еріктілер жылын аяқтау жобаны тоқтатуды білдіреді деп қате айтады, алайда бұл жоба әлі де жалғасуда!

ҚАЕУ студенттері еріктілер ретінде екі бағыт бойынша белсенді жұмыс істейді:

1) Репетиторлық (ағылшын тілін оқыту). Бұл бағытта студенттер 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді. Орталық балалар кітапханасында ағылшын тілі әр түрлі жастағы мектеп оқушыларына жүргізілсе, О. Бөкей атындағы орталық кітапханада ағылшын тілі Өскемен қаласының барлық тұрғындары үшін жүргізіледі.

2) "Animalia" ҚҰ үйсіз жануарларға арналған баспанада жұмыс істеу. Бұл бағытта ҚАЕУ студенттері 2020 жылдан бастап жұмыс істейді, баспанадағы барлық үй жануарларына көмек көрсетеді. Олардың көпшілігі физикалық ерекшеліктері бар жануарлар.

Еріктілер қатарына қосылу, жұмыс істеп жағымды эмоциялар мен жалақы алу қазірден бастап мүмкін!

ҚАЕУ студенттік даму орталығы сіздерді күтеді!

ҚАЕУ еріктілерімен байланыс: +7 777 131 39 14

Студенттік даму орталығы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru