Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ командасы "Jastar Time" облыстық IT-хакатонында үшінші орын алды

 

WhatsApp-Image-2021-05-21-at-102908-1
WhatsApp-Image-2021-05-21-at-102908
WhatsApp-Image-2021-05-21-at-102909-1

2021 жылғы 13-14 мамырда ШҚО ББ Білім берудегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығы мектеп оқушылары, өңірлік жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында "Jastar Time" қашықтықтан облыстық ІТ-хакатонын өткізді.
ІТ-хакатон мектеп оқушыларын, колледждер мен ЖОО студенттерін өңір мүддесі үшін инновациялық шешімдер жасауға тарту, ақпараттық технологиялар саласында оқуға жастардың қызығушылығын арттыру және ІТ-дағдыларын дамыту, ІТ-саласында жоғары білікті кадрларды қалыптастыру мақсатында өткізілді. Екі күн өткізілген шарада екі тақырыптық бағыт бойынша тапсырмалар шешілді. Командалар емтихан тапсырушылардың (тестіленушілердің) жеке басын растау, олардың мінез-құлқын бақылау және үшінші тарап қосымшаларын пайдалануды бақылау үшін прокторинг жүйесін құру керек болды. Фестиваль қорытындысы бойынша ҚАЕУ командасы үшінші орынға ие болды. Команда қатысушылары: Шивцов Артем, Васипенок Владислав, Дынник Илья. Құттықтаймыз!
 
Бизнес кафедрасы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru