Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ташкент мемлекеттік заң университеті мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі

T42A7587
T42A7546
T42A7567
-

2021 жылғы 21 мамырда Ташкент мемлекеттік заң университеті мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. 
Ташкент мемлекеттік заң университеті Өзбекстанда заң мамандарын даярлау бойынша базалық жоғары білім беру және ғылыми-әдістемелік мекеме болып табылады. ТМЗУ тәуелсіз оқу және ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде оқу процесінде жаңа педагогикалық технологияларды белсенді қолданады, заңнаманың және оны қолданудың, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері бойынша іргелі және ғылыми зерттеулер жүргізеді, хабардарлықты және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған рухани-ағартушылық іс-шаралардың кең спектрін жүзеге асырады.
Қол қойылған меморандум бойынша ынтымақтастықты іске асыру шеңберінде білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жобалар мен зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда.
Ғылым мен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын құру кезінде басымдық болып табылады, өйткені жоғары оқу орындарының халықаралық байланыстары түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru