Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Шығыс Қазақстан облыстық соты және ҚАЕУ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

 

DSC0295
DSC0304
DSC0274
DSC0286

2021 жылғы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға, сондай-ақ тәжірибе ұйымдастыру туралы шартқа қол қойылды.

Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Мұратұлы Чакпантаев пен ҚАЕУ ректоры Айдар Ережепұлы Мәмбетқазиев облыстық сот ғимаратында салтанатты түрде құжаттарға қол қойды.

Қол қойылған меморандум шеңберінде тараптар іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіптік тәжірибелерді ұйымдастыру, сондай-ақ ҚАЕУ «Құқық» білім беру бағдарламалары тобының білім алушылары үшін жұмыс орындарын қамтамасыз ету жөніндегі кадр саясаты мәселелерінде әріптестік қатынастарды дамытуға міндеттенді.

Тараптар ғылыми ынтымақтастықты орнатуда, білікті кадрлар мен мамандар даярлауда, кәсіптік тәжірибелерді, білім алушылардың тағылымдамаларын ұйымдастыруда өзара ынтымақтастықтың салалары мен түрлерін айқындады.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru