Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстанның шығыс аймағында Словак Республикасының Құрметті консулдығының ашылуы

 

T42A9373
T42A9336
T42A9395
T42A9354
T42A9400
T42A9312
T42A9300
T42A9330
T42A9500
T42A9567

2021 жылғы 18 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Словак Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Милан Коллардың қатысуымен Словак Республикасының Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Құрметті консулдығының ашылуы болып өтті.

Құрметті консулдықтың ашылуына қала әкімінің орынбасары Азамат Маратұлы Мұхамедчинов, Өскемен мәслихатының хатшысы Александр Александрович Светаш қатысты. Словак  Республикасының Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Құрметті консулдығының ашылу салтанатында консулдық орналасу елі Құрметті консулды танығанын куәландыратын ҚАЕУ ректоры, Мәмбетказиев Айдар Ережепұлына консулдық экзекватура табыс етілді.

Қазақстан мен Словакия Республикасы саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы жан-жақты ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық деңгейде тығыз өзара іс-қимыл жасауға мүдделі.

Елдер арасында 30 жылдан астам саясат, экономика, мәдениет және басқа да гуманитарлық салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүргізілуде. Словак  Республикасымен ынтымақтастықта Қазақстан бірінші кезекте инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға мүдделі, өйткені Словак Республикасы индустриялық - дамыған ел, көп салалы дамыған ауыл шаруашылығы, қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы және инфрақұрылымы бар.

Словак Республикасының Құрметті консулдығы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында ҚАЕУ университетінің ғимаратында орналасқан. Құрметті консулдық Словак Республикасының атынан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында өкілдік ететін болады.

Құрметті консулдық өз қызметінде Қазақстан мен Словакия арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, екі елдің бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге жәрдем көрсетуге баса назар аударады.

 Жұртшылықпен байланыс орталығы

 

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru