Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ержан Ахметов шығармашылығын танымал ету

 

WhatsApp-Image-2021-11-26-at-081135-2
WhatsApp-Image-2021-11-26-at-081135
WhatsApp-Image-2021-11-26-at-081134-2
WhatsApp-Image-2021-11-26-at-081135-3
WhatsApp-Image-2021-11-26-at-081135-1

2021 жылдың 25 қараша күні А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен шырайлы Шығыстан, Зайсан өңірінен шыққан халық ақыны, жыршы Ахметов Ержанның (1879-1967) шығармашылығына арналған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.

Мерекелік шараға Қазақстан-Американдық еркін университеттінің “Қазақ тілі мен әдебиеті” және “Журналистика" мамандығының 1-курс  студенттері қатысты.

Ержан ақын - әнші Әсет Найманбайұлынан тәлім алып, өз жанынан өлең, ән шығарып, айтыстарға қатысқан. Ол жырлаған «Арқалық батыр»,  «Қабанбай батыр» сияқты т.б. көлемді жырлары мен дастандары көптеген жинақтарға енген. Оқырманға ұсынылып отырған жаңа жинаққа бұрын жарияланған туындыларымен қатар М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба қорынан және ақынның отбасылық мұрағатынан табылған өлеңдері, дастан-қиссалары, айтыстары, шежіре хаттары енгізілген.

Тұсаукесер қонағы - ақынның ұлы, бүгінде Алматы қаласында тұратын ақын, әнші Тақат Сүлейменов әке аманатын, әке мұрасын ұлықтау кешінде өз өнерін халыққа тарту етіп және әдебиет сүйер қауыммен емен-жарқын сұхбат құру аясында танымал тұлғаның сыршыл әлемімен қауышты.

ҚАЕУ оқытушылары және студенттері  оқырманға ұсынылып отырған жаңа кітаптқа ие болып, кеш қонағы Тақат Сүлеменовке  ізгі ниеттері мен алғыстарын білдірді!

Педагогика және психология кафедрасы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2022 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070000, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru