Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Құқықтық марафон «Тәуелсіз Қазақстанның заңнамасы: эволюциясы және қазіргі жағдайы»

 

T42A9198
T42A9202
T42A9212
T42A9216
T42A9221

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында өткізілетін "Тәуелсіз Қазақстанның заңнамасы: эволюция және қазіргі жағдайы" құқықтық марафон аясында 25 қараша 2021 жылы Қазақстан Американдық еркін университетінің «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Рита Адильмуратова «Криминалистика» пәнінен «Қылмыстарды тергеу әдістемесі» тақырыбында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен ашық практикалық сабақ өткізді.

Сабақ барысында студенттер теорияда алған білімдерін практикада көрсете білді. Студенттер қылмыстарды тергеу кезінде орын алатын криминалистік техниканың дактилоскопиялық, трасологиялық әдістермен іздерді алу,  габитология бойынша адамды суреттеу арқылы фоторобот жасау әдістерін өте керемет көрсете білді. Сонымен бірге, бұл техникалар оқиға болған жерді қарау, тінту, тану сияқты тергеу әрекеттерімен өте керемет ұштасып, байланысын таба білді. Сабақ өте қызықты өтіп, студенттер өздерін нағыз құқық қорғаушы маман ретінде сезіне білді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2022 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070000, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru