ОҚЫТУШЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Осы академиялық саясат оқытушының қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға және еңбек әрекетінің сапасын арттыруға сонымен қатар барлық білім беру процесін жақсартуға мүмкіндік беретін процедура мен ережелер тізімін қамтиды.
- Оқытушылар студенттерге білім берудің сапалы және толық көлемін ұсынуы шарт. Осыған байланысты оқытушылар сабаққа кешігуге, сабақты босатуға, студенттерді сабаққа берілген уақыттан ерте жіберуге құқықтары жоқ.
- Сабақтар аудиторияда және аудиториядан тыс түрде өткізіледі.
- Оқытушы кестеге сәйкес өзінің жұмыс орнында болуға міндетті.
- ҚАЕУ штаттағы оқытушылары Студенттер мен Оқытушыларға арналған Бағдарлау Аптасын дайындауда, өткізуде және нәтижелерімен жұмыс істеуге белсенді түрде қатысуға міндетті. Бағдарлау Аптасы тамыздың соңғы аптасы мен қыркүйектің алғашқы аптасында өткізіледі.
- ҚАЕУ штаттағы оқытушылары ҚАЕУ базасы мен басқа да ұйымдар базасында өтетін шараларға қатысуы қажет (семинарларға, мастер-кластарға, тренингтерге, конференцияларға, лекцияларға).
- Оқытушылар базалық оқулық негізінде міндетті компонентті оқытуды жүзеге асыруы керек, оқытушы өзінің жеке оқу құралын әзірлеуі керек.
- Оқытушылар пән бойынша бірінші сабақ күні студенттерге силлабус беруі қажет.Силлабусты уақытында ұсыну студенттің тиімді жұмысын және СӨЗ мен СОӨЖ сағаттарын сапалы пайдалануды қамтамасыз етеді.
- ҚАЕУ беделін ескере отырып халықаралық серіктестіктегі университет ретінде мәдениет пен қоғам, экономика, саясат саласындағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында оқытушылар студенттің мерзімді басылымдармен жұмысына пән бойынша тапсырмалар тізмін енгізу ұсынылады (мақалаларды талқылау, жаңалықтарға шолу және т.б.).
- Қосымша практикалық тәжірибе жинақтау және кәсіптік біліктілікті арттыру мақсатында (консалтингтік/консультациялық қызмет, кәсіпорындардағы тағылымдама, кәсіптік бірлестіктердің жұмысына қатысу, аудармашылық қызмет көрсету т.б.) Университеттен шет жерде оқытушының кәсіптік қызметінің белсенділігі ұсынылады.
- Сабақтарда интерактивті әдістер мен оқытудың техникалық құралдарын пайдалану ұсынылады.
- Оқытушылар оқу және көмекші процестерді жетілдіру мақсатында әр түрлі комиссия және комитеттердің жұмысына қатысуға міндетті.
- Оқытушылар өздерінің кәсіптік қызметінде оқытушының Этикалық Кодексіне қойылатын талаптарды ұстануы керек. (Оқытушының каталогы)
- Әр пәнді аяқтаған соң оқытушының жұмысына студенттердің бағалауы жүзеге асырылады. Курсты бағалау бойынша анкетамен танысып сабақты жоспарын әзірлеуде, өткізде оның негізгі компоненттерін назарға алу ұсынылады.
- Оқытушының сырт келбеті ұқыпты, таза және іскерлік стилде байсалды көрінуі қажет. Сырт келбетіне киімі, аяқ киімі, шаш қоюы, макияжы және олардың бір біріне гармониялық сәйкестігі жатады.
Ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек
8-777-985-86-82
Техникалық көмек
8-747-328-76-30
Қабылдау комиссиясы
8-7232-500-300
8-7232-505-030
8-707-440-0001
Дү-Жұ: 9:00-18:00
Сб: 9:00-14:00
Жаңалықтар
-
С 8 МАРТА!
2021 Наурыз 05 -
Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша аймақтық семинар
2021 Ақпан 25 -
Ымдау тілі туралы вебинар.
2021 Ақпан 25 -
Еріктілер қозғалысы- біздің болашағымыз!
2021 Ақпан 25
Хабарландыру
-
2021 Ақпан 04
Destination Zero: a youth climate innovation challenge
-
2020 Желтоқсан 08
Қашықтықтан оқыту факультетінің білім алушылары назарына!
-
2020 Қараша 20
Программа "Community Engagement Exchange"
-
2020 Қазан 14
«Ұстазым жайлы сыр шертсем» презентациялар сайысы