Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ құрылымы

Негізін қалаушылар

Ережеп Мамбетказиев

Е. Мамбетказиев экономика және гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы колледжін құру идеясын қолдаушы. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры (1993-2003жж), ҚР білім Министрі (1993-1995)  болған жылдары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолдауына ие болып осы идеяны табысты жүзеге асырды. Ол республикада бірінші болып халықаралық серіктестіктегі жоғары оқу орнын ашты. 2001жылы бұл жоғары оқу орны университет мәртебесіне ие болды.    

«Халықаралық серіктестік- жоспарлау мен стратегиядан да биік мақсат. Бұл бір біріне деген сенімділік, өзара қызығушылық және өзара құрмет.

Маршалл Кристенсен

Қамқорлық кеңесінің төрағасы, (АҚШ), америка тарапынан университеттің кураторы,    Маршалл Кристенсен қорының негізін қалаушы, «Co – Serve International» ұйымының президенті. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.  

«Біздің ынталы ынтымақтастығымыз мәдени, географиялық, саяси, экономикалық, тілдік және басқа да тосқауылдарды аттап өтіп студенттік даму және білім беру жаңалығының тиімді, динамикалық қозғаушы күші екенін дәлелдеді».   ҚАЕУ болашағы жарқын, өміршең білім беру моделі болып табылады.     

 

Том Гейтч

"Е2 Білім беру қызметі" ұйымының Президенті,  АҚШ-да студенттер мен магистранттардың өндірістік практикасын ұйымдастырушы.

«1997 жылдың басында доктор Маршалл Кристенсеннің шақыруымен биотехнолог Филипп Лу екеуміз доктор Мәмбетқазиев және Дэниел Бэлласттің Портланд, Орегонда бас қосқан кездесу кешіне қатысу құрметіне ие болдық. Кездесуде Қазақстан-Американдық колледжінде Американдық бизнес-бағдарламаларын құру туралы айтылды. Олардың американдық-бизнес бағдарламасы жайлы ойлары көңілге қонымды және адамды өзіне тартатындай еді. Олардың сөзінде болашаққа деген нық сенім болды.  Доктор Мәмбетқазиев қазақстан студенттерінің заманауи үздік білім алуына жол ашқысы келді. Ол студенттердің Қазақстанмен шекаралас жатқан елдермен ғана емес Европа, Америка елдерімен де байланыс орнату мүмкіндігі пайда болғанын қалады».

 

Дэниел Бэлласт

Д. Бэлласт экономика және гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы колледжінің негізі қаланған 1994жылдан бастап халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бойынша вице –президент болып табылады. Қазіргі уақытта «Co – Serve International» ұйымының вице-президенті. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

«Қазақстан-Американдық еркін университеті білім беру саласындағы шынайы ерекше университет болып табылады. 1994жылы құрылғаннан бастап  АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралиядан 300-ден артық оқытушылар университетпен ынтымақтастықта болды.   Университет Қазақстан мен Солтүстік Американың достық байланысы мен теңдессіз серіктестік деңгейі арқасында шын мәнінде қазақстан-американдық болып отыр. Бүгінгі таңда университет Евразияда халықаралық деңгейде білім беру ісінде көшбасшылар қатарында келеді.

Хью Л. Холлман

Х.Холлман Темпе қаласының мэрі (Аризна, АҚШ), 1993 жылы Өскеменге алғашқы американдық делегациямен келді және сол кезде Ережеп Мәмбетқазиевпен достық және іскерлік қарым қатынас орнатты.  Х.Холлман 1996жылдан бері доктор Е.Мамбетказиевтің кеңесшісі болды.

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

    unnamed.jpg

 

 Джеймс Ивенсон

Джеймс Ивенсон ҚАЕУ алғаш құрылған кезден бастап университет өміріне белсене қатысып келеді. Джеймс 1993 ж. Өскемен қаласына келген алғашқы шетелдік делегацияны басқарды. Университеттің негізін салу туралы ең алғаш ұсыныс туған кезден бастап Джеймс ҚАЕУ-дің серіктесі, оның беткеұстар өкілі және университет басшылығының кеңесшісі. Джеймс ҚАЕУ-дің шетелдік Вице-президенті. Джеймс тікелей инвестиция саласындағы көптеген компаниялардың иесі және басшысы болып табылады.

 

доктор Дэниел Харрисонды есте сақтау (1941-2003)

"ИнтерВарсити" ұйымының (АҚШ) вице-президенті болған кезде  д-р Харрисон ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізу процесін басқарды, осылайша 1994жылы экономика және  гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы колледжі ашылды. Кейіннен д-р Харрисон "Көшбасшылықтың дамуы» (Эвергрин қ., Колорадо штаты, АҚШ) халықаралық ұйымының президенті қызметін атқарды.   

 

Кайрат Закирьянов

К. Закирьянов 1994-1995жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болды және осы универсиеттің құрылымында экономика және  гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы колледжі құрылды. Қазіргі уақытта Қазақ туризм және спорт академиясының ректоры.

Басшылық

ЕРЕЖЕП МАМБЕТКАЗИЕВ

ҚАЕУ ПРЕЗИДЕНТІ

ҚР ҰҒА, бірнеше халықаралық академиялар академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Кентукки университетінің (АҚШ) "Құрметті профессоры", Атлантис университетінің (АҚШ) «Жаратылыстану ғылымдарының құрметті докторы», "Парасат" орденімен марапатталған. ЖОО практикасына енгізіліп, қолдау тапқан білім беру мен ғылымдағы бірқатар инновациялардың авторы. Ашылуына және алғашқы түлектерге диплом беру салтанатына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өзі қатысқан еліміздегі ең алғашқы халықаралық серіктестіктегі ЖОО  Қазақстан-Американдық еркін университетін құрушы. 

IMG 002

МАРШАЛЛ КРИСТЕНСЕН

ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, КОРПОРАТИВТІК ДАМУ ЖЕНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР

 

АҚШ азаматы, "СО-SERVE INTERNATIONAL" ұйымының президенті (АҚШ), PhD тарих докторы, Фуллбрайт фонды грантының иегері. М. Кристенсен 15 жыл көлемінде АҚШ-тағы ең беделді университеттердің бірі Уорнер Пасификтің президенті болды. Маршалл Кристенсен фондының негізін салушы және Бас хатшысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "ҚР білім беруіндегі құрметті қызметкері" белгісімен, Ы.Алтынсарин белгісімен марапатталған.  

ДЕНИЕЛ БЭЛЛАСТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ

АҚШ азаматы,"СО-SERVE INTERNATIONAL" ұйымының вице-президенті (АҚШ). Пурдью университетінің (АҚШ) түлегі, 1999 жылы Д. Бэлласт қазақ филологиясының магистрі дәрежесін алды, дипломды ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзі табыстады. Д. Бэлласт ҚАЕУ-дің іргесі қаланған күннен бастап оның халықаралық білім беру бағдарламаларына басшылық жасайтын вице-президенті қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "ҚР білім беруіндегі құрметті қызметкері" белгісімен марапатталған. 

АЙДАР МАМБЕТКАЗИЕВ

ҚАЕУ РЕКТОРЫ

Менеджмент бойынша филофосия докторы (PhD), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. А. Мамбетказиев Қазақстан Республикасының Философия институты мен ҰҒА-да тағылымдамадан өткен. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған. 

 IMG 0746

ЖАСУЛАН БАЙКЕНОВ

БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ 

6D050700 Менеджмент мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Қазақстан-Американдық еркін университетінің түлегі 

    444

ГУЛЬНАР САРСЕМБАЕВА

АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ПРОРЕКТОР 

6D050700 Менеджмент мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Қазақстан-Американдық еркін университетінің түлегі

ЕРСАИН НӘБИЕВ

ӨСКЕМЕН ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 

Педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академигі.

   

МАРИНА КИКИНА 

ҚАЕУ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ

Педагогика ғылымының кандидаты, доцент. Қазақстан Республикасының білім Озаты, ҚР білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Ы.Алтынсарин атындағы омырау белгісімен марапатталған, қалалық мәслихаттың 5-ші шақырылымының депутаты  

ГАЛИНА МЕНЗЮК

БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

Заң ғылымдарының кандидаты. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. 

НАДЕЖДА ШЕФЕР

 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Өскемен педагогикалық институтының түлегі. 

МАХМЕТ ШУРАЕВ

ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ДИРЕКТОР

Іскери әкімшілік магистрі. Өскемен педагогикалық институтының түлегі. Екінші білімін Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінде алды. Университеттің өндірістік-коммерциялық сұрақтары бойынша қызметін басқарады.   

 

ИГОРЬ ПАНОВ

ШАРУАШЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР БОЙЫНША ДИРЕКТОР

Менеджмент магистрі. Өскемен жол-құрылыс институтының түлегі. Университеттің құрылыс пен шаруашылық сұрақтары бойынша қызметін басқарады. 

Құрметті профессорлар

НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Президенті, ҚАЕУ Бірінші Құрметті профессоры

МАРШАЛЛ КРИСТЕНСЕН

ҚАЕУ Қамқорлық Кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы (PhD)

ТОМ ГЕЙТЧ

«Е2 Білім беру қызметтері» ұйымының президенті

ДЭНИЕЛ ХАРРИСОН

«ИнтерВарсити» ұйымының вице–президенті, АҚШ

ФИЛИПП ЛУ

«Е2 Білім беру қызметтері» ұйымы Кеңесінің төрағасы

ХЬЮ ХОЛЛМАН

Құқық докторы (PhD), ТЕМПЕ қаласының Мэрі (Аризона, АҚШ)

ДЖЕЙМС КОЗЕТТО

Маршалл Кристенсен Қорының директоры (АҚШ)

ЛЬЮИС ВОРРАД

«ИДЕН МИНИСТРИС» ұйымының президенті, Канада

ДЖЕЙМС MOOP

Кәсіпкерлік оқытушысы, «Моор тоқыма орталықтары» торының президенті, АҚШ

КЛЭРЕНС СТАМПФ

Маршалл Кристенсен Қорының директоры (АҚШ)

КРЕЙГ БЕРД

Маршалл Кристенсен Қорының директоры, ФГ БЕРД президенті

ДЖОН МЕРИНГ

Маршалл Кристенсен Қорының директоры (АҚШ)

ЧАРЛЬЗ И ФИЛИС НЕЛСЕН

УОРНЕР ПАСИФИК колледжі (Орегон, АҚШ)

ПАТРИК МИТЧЕЛ

Математика докторы (PhD), INTEL (АҚШ) компаниясының бұрынғы инженері

СЭНДИ КОУЧ

Аризонаның мемлекеттік университетінің бұрынғы орыс тілі оқытушысы

ВИЛЬЯМ БОНТРАГГЕР

Құқық докторы (PhD), бұрынғы сот (Индиана, АҚШ)

РОБЕРТ РОБАК

Менеджмент оқытушысы, ДЖЕРГЕНС (Канада) корпорациясының бұрынғы президенті

ДЖЕЙМС ИВЕНСОН

Кәсіпкерлік негізінің оқытушысы, іскер әкімшілік ету магистрі (МВА)

КАЙРАТ ЗАКИРЬЯНОВ

Спорт және туризм қазақ мемлекеттік Академиясының Президенті

АЙДАР МАМБЕТКАЗИЕВ

ҚАЕУ–дың ректор, доктор PhD

РИК СМИТ

Қазақстандағы «СЕНIМ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ұйымының мүшесі

БОННИ СМИТ

Ағылшын тілінің оқытушысы

ФЕДОР ЛОБАНОВ

Халықаралық академияның Берлин бөлімінің Бірінші вице–президенті, Халықаралық ақпараттандыру Президенті, РФ мемдумасындағы  Экологиялық Кеңестің Жоғары ақпараттандыру академиясының мүшесі

ЧАРЛЬЗ ФЕРГЮССОН

Колорадо Мемлекеттік университетінің өнер магистрі. «Indomitable Spirit» кітабының авторы. Кәсіби шешен. Эндрю қорының Президенті. «Trimtab Alloance» жетекші директоры.

ВОЛЬФГАНГ ЛАУШ

Халықаралық ақпараттандыру академиясының Президенті

ФОЛЬФГАНГ ШВЕТЛИК

Халықаралық ақпараттандыру академиясының вице–президенті

АНДРЕА КУК

Ғылым докторы, президент, Уорнер Пасифик университеті, АҚШ

СЭМЮЭЛ ЛИ ДАНН

Профессор, Нордвест Назарин университеті, АҚШ

ҚАЕУ құрылымы

Struktura KASU 13.07.2022 kaz E opti

ҚАЕУ Президетінің реноме

002Е.Мәмбетқазиев - ашылуы және алғашқы түлектеріне дипломдар тапсыру салтанатына жеке ҚР Президенті Н. Назарбаев қатысқан, 1994 жылы республикадағы тұңғыш халықаралық серіктестік ЖОО (АҚШ-мен бірлесіп) -Қазақстан-Американдық еркін университеті жобасының авторы және негізін қалаушысы. Үштілділікті дамытудың бүгінгі Мемлекеттік бағдарламасынан ертерек, (23 жыл бұрын) ҚАЕУ Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуынының басым бағыттары үшін ағылшын тілін меңгерген көптілді мамандар даярлауды бастаған болатын. Бұл отандық жоғары мектеп тарихындағы ерекше жаңа кезең, әлемдік білім кеңістігіне бірігуге алғашқы қадам болды.

АҚШ Конгрессінің шақыруы бойынша, Е. Мәмбетқазиев американдық әріптестерімен, университеттің қазақстандық оқытушылармен бірге, екі мәрте АҚШ  Президенттері Дж. Буштың (2004 жыл) және Б. Обаманың (2011 жыл),Үкімет мүшелерінің, АҚШ көшбасшыларының, әлемнің зиялы қауымының қатысуымен болған дәстүрлі Ұлттық Таңғы Асқа шақырылу құрметіне ие болды ( Вашингтон қаласы).

Е. Мәмбетқазиевтің отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі де ауқымды. Ол металлдардың дипиридилдік кешендері электрохимиясы жөніндегі мектептің негізін қалаушы болып табылады. Ұзақ жылдар бойы - ғылыми Кеңестердің, докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі арнайы Кеңестердің мүшесі, бірқатар Бүкілодақтық кеңестердің, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың бастамашысы, әрі жетекшісі. АҚШ, Германия,Ұлыбритания, Чехословакия, Оңтүстік Корея, ҚХР, Венгрия, Сингапур, Малайзия университеттерінде дәрістер курсын оқыды.

Е.Мәмбетқазиевтің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республиканың аса ірі кәсіпорындарында енгізілген. ВНИИТ-пен (Мәскеу) бірлесіп жүргізілген күміс-мырышты аккумуляторларды жаңғырту жөніндегі қолданбалы зерттеулер, әскери және космостық техника, электротехникалық өнеркәсіпте кеңінен қолдануға ие болды. Бұл таұырыпнама стратегиялық ретінде, ол кезде жабық болатын, Одақтың қорғаныс өнеркәсібі үшін ерекше маңызы болды.

 Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы физикалық -химиялық зерттеулер әдістері Орталығымен бірлесіп ҚР БҒМ ғылыми жобаларына қатысуда. 30-дан астам ғылым кандидаттары мен докторлары даярланды. “Companynewtechnologiesplus” фирмасымен (Ресей, Германия, Франция) бірлесіп, металлургиялық, тау-кен өнеркәсіптеріне, энергетика кәсіпорындарына, коммуналдық және ауыл шаруашылығына арналған жаңа технологияларға ақпараттық іздестіру жүргізеді.

Елдің, өңірдің жетекші кәсіпорындарының, ірі бизнес-құрылымдарының  өндіріске инновациялық технологиялар енгізудің ғылыми-тәжірибелік проблемалары жөніндегі  ғылыми кеңесшісі болып табылады

Білім, ғылымның өзекті мәселелері бойынша 750 ғылыми еңбектері, монографиялар жарияланды. Бірқатар еңбектері Ресей, АҚШ, Моңғолия, ҚХР-да қайта басылып шығарылды. «Ректор айтар ақиқат» («Ректор – совесть вуза» 2015жыл) монографиясы қазақ, орыс ағылшын тілдерінде басылып шығарылды.

Кәсіпқой және жаңашыл тұлғаның сіңірген еңбегінің жоғары бағалануы -2017 жылы «Өнегелі өмір» сериясынан ҚР ҰҒА академигі Е.Мәмбетқазиевтің өмірі мен қызметі жайлы кітаптың басылып шығуы болды.  Бұл –Қазақстанның ең жарқын тарихи тұлғалары жайлы 90 сериялық басылымның бірі, олардың ішінде -  Нұрсұлтан Назарбаев, Қаныш Сәтбаев, Өмірбек Жолдасбеков, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов, Батырбек Беремжанов, Ольга Сонгина және басқалары бар. 

ҚР ҰҒА, бірнеше Халықаралық академиялардың академигі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚҰ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өкілдігінің Директоры, Уорнер Пасифик Университетінің (АҚШ), Кентукки университетінің (АҚШ) «Құрметті профессоры»,» Атлантис университетінің (Калифорния шт., АҚШ) «Жараталыстану ғылымдарының Құрметті докторы», Атырау мемлекеттік университетінің, Атырау мұнай және газ институтінің «Құрметті профессоры», Қазақ спорт және туризм академиясының“Құрметті докторы”, Германиядағы (Берлин)ақпараттану Халықаралық Академиясыны Штаб-пәтерінің  Вице-президенті.

Жоғарғы Кеңес XII шақырылымының депутаты. Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының «Құрметті азаматы», Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

 «Парасат» және «Барыс» ордендерімен, А. Байтурсынов атындағы орденімен, “ҚР білім мен ғылым дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін ” төс белгісімен марапатталған, “Еңбек сіңірген білім қызметкері».

Астрахан облысы Володар ауданы әкімшілігінің (Ресей) 15.06.15. шешімімен Калинин орта мектебіне, оның түлегі Е.Мәмбетқазиевтің есімі берілді.

 

ТАЛАПКЕР

 

 

Виртуалды қабылдау комиссиясы

 

 

ЖАТАҚХАНА

 

Қабылдау комиссиясы

8-7232-500-300

8-7232-505-030

8-707-440-0001

Дүй-Жұм: 9:00-18:00

Сен: 9:00-15:00

 

ВИРТУАЛДЫ ДЕКАНАТЫ

 

Факультеті кешкі оқыту

Әдіскер 50-29-46

Деканы 50-09-93

Факультеті Бизнес құқық және педагогика

Әдіскер 50-50-12

Деканы 50-50-14

Бизнес Кафедрасы

50-28-58

Педагогика Кафедрасы

50-29-45

Шет тілі кафедрасы

50-28-33

Кафедрасы Құқық

50-28-39


moodle kk

Тех.қолдау

8-747-328-76-30

 

platonus kk

 

 

 
govsign kk

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2022 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070000, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru