ҚАЕУ Әзірбайжан сәулет-құрылыс университетімен ынтымақтастықты кеңейтуде

2026 жылғы 13 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Әзірбайжан сәулет-құрылыс университетінің  іс-тәжірибе және мансап Орталығының басшысы Ханлар И.Ганиевпен бөлімшелер басшыларының, орталықтар мен колледждердің директорларының, кафедра меңгерушілерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ханлар Ганиев Әзірбайжан сәулет-құрылыс университетінің кәсіби  тәжірибені ұйымдастыру, студенттерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және түлектердің мансаптық траекторияларын сүйемелдеудегі тәжірибесін ұсынды. Университеттің жұмыс берушілермен өзара іс-қимылына, тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамытуға және жастарды жұмыспен қамтудың заманауи үрдістеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналды. ҚАЕУ өкілдері қонақты университеттің мамандарды даярлау және серіктестермен өзара іс-қимыл саласындағы тәжірибелерімен таныстырды, сондай-ақ бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Тараптар Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Әзірбайжан сәулет-құрылыс университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және серіктестік байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді.