Магистратура
ҚАЕУ магистратурасына түсу
Қазақстан-Американдық еркін университеті магистратурасы терең кәсіби білім алуға, зерттеу құзыреттерін дамытуға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Оқыту ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Магистратура – тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» және «ғылым магистрі» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі.
Магистратурада кадрлар даярлау жоғары білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
МАҢЫЗДЫ МЕРЗІМДЕР
| 1 маусым – 8 шілде | Кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау |
| 14 шілде | Тестілеу өтетін орын мен уақыт туралы ақпаратты жариялау |
| 20 шілде – 10 тамыз | Кешенді тестілеуді өткізу |
| 13 тамыз – 16 тамыз | Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау |
| 20 маусым – 28 тамыз | Университетке құжаттарды қабылдау |
ҚАЛАЙ ОҚУҒА ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?
1
Құжаттарды дайындау
Қажетті құжаттардың толық топтамасын жинаңыз
2
Кешенді тестілеу
Қабылдау емтиханынан өтіңіз
3
Құжаттарды тапсыру
Құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына өткізіңіз
4
Оқуға қабылдану
Нәтижелер мен қабылдау туралы бұйрықты күтіңіз
Магистратураға қабылдау тәртібі, құжаттар тізімі және талапкерлерге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі белгілеген қабылдау қағидаларына сәйкес анықталып, ресми ақпараттық ресурстарда жарияланады.
ОҚУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ
Бейіндік магистратура
Оқу мерзімі: 1 жыл
Өту балы: 30
Практик-мамандарға арналған, кәсіби және мансаптық дамуға бағытталған.
Ғылыми-педагогикалық магистратура
Оқу мерзімі: 2 жыл
Өту балы: 75
Оқытушыларды, зерттеушілерді және болашақ докторанттарды даярлауға, сондай-ақ ғылыми құзыреттерді дамытуға бағытталған.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
| Бизнес кафедрасы | Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы | Шетел тілдері кафедрасы | Педагогика және психология кафедрасы |
|---|---|---|---|
| Қаржы | Құқықтану | Шетел тілі | Қазақ тілі мен әдебиеті |
| Менеджмент | Халықаралық қатынастар | Аударма ісі | Орыс тілі мен әдебиеті |
| IT – менеджмент | Психология | ||
| Спорт менеджменті | |||
| Ақпарттық жүйелер |
Магистратураның білім беру бағдарламалары еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып әзірленген және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.
КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАЙДА ТІРКЕЛУГЕ БОЛАДЫ?
app.testcenter.kz
сайты арқылы
UTO.KZ
мобильді қосымша арқылы
Университеттердің қабылдау комиссиялары арқылы
КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУСІЗ ОҚУҒА ТҮСУ

Кейбір талапкерлер үшін сұхбат нәтижесі бойынша оқуға түсу мүмкіндігі қарастырылған:
- басшылық қызметте кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар;
- білім беру бағдарламасының бейіні бойынша кемінде 10 жыл кәсіби еңбек өтілі бар.
Қабылдау шарттары мен қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан нақтылауға болады.
*Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне немесе азаматтық қызметшілер тізіліміне сәйкес басшылық қызметте кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, не бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы өткізетін сұхбат нәтижесі бойынша ақылы негізде оқуға қабылданады.
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
| Жоғары білім туралы диплом |
| Дипломға қосымша |
| Жеке куәліктің көшірмесі |
| Кешенді тестілеу сертификаты |
| Шетел тілі бойынша сертификат (бар болған жағдайда) |
| 3×4 көлеміндегі 4 фотосурет |
| №075/у медициналық анықтамасы |
| Жұмыс орнынан анықтама |
| Ғылыми еңбектер тізімі (бар болған жағдайда) |
| Скоросшиватель |
| Конверт |
Оқуға қабылдану үшін құжаттардың толық топтамасын белгіленген мерзімде қабылдау комиссиясына тапсыру қажет.
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Мекенжай
Өскемен қаласы
М. Горький көшесі, 76
Телефон
+7 707 440 00 01
+7 7232 500 300
Жұмыс уақыты
Дс – Жм: 9:00 – 18:00
Сб – Жс: демалыс күні