ҚАЕУ-де қауымдастырылған профессорларға диплом тапсыру рәсімі өтті

2025 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы дипломдарды тапсыру рәсімі өтті.

Дипломдар табысталды:

– Алембаев Қайрат Оралқанұлына – қауымдастырылған профессор (доцент);

– Гаврилова Юлия Александровнаға – қауымдастырылған профессор (доцент).

Ғылыми атақ беру кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін, елеулі ғылыми-педагогикалық тәжірибені және жоғары білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесін тану мойындау болып табылады.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұжымы Қайрат Оралқанұлы мен Юлия Александровнаны кәсіби қызметтегі осы маңызды кезеңімен құттықтайды және ғылыми, педагогикалық және қоғамдық жұмыстарда одан әрі табыстар тілейді!