ҚАЕУ-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған дәріс өтті
2026 жылғы 26 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Тәуелсіздіктің 35 жылы: адал және жауапты азаматты Адал Азамат рухында тәрбиелеу» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті педагогика және психология кафедрасының оқытушысы К.Р. Қайырбекова өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылды және патриоттық сезімдерді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және студент жастар арасында жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Дәріс барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, мемлекеттік егемендікке қол жеткізудің тарихи маңызы, елдің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және оның одан әрі даму келшегі қарастырылды. Жас ұрпақтың ұлттық бірлікті сақтаудағы, мемлекеттілікті нығайтудағы және елдің болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Дәріс мазмұнында адалдық, әділдік, еңбекқорлық, патриотизм, заңға құрмет және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарына негізделген «Адал Азамат» тұжырымдамасы басты орын алды. Осы құндылықтардың құқықтық мәдениетті, қоғамдық сананы және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамытуға бағытталған «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамаларымен өзара байланысы мәселелері қозғалды.
Спикер қазіргі Қазақстанның дамуындағы білім мен жасампаз еңбектің маңыздылығына ерекше назар аударды. Кәсіби құзыреттілік, академиялық адалдық, этикалық нормаларды сақтау және үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылу жауапты азаматтың маңызды қасиеттері болып табылатындығы атап өтілді.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер мәнмәтінінде цифрлық сауаттылық, сыни тұрғыдан ойлау және жасанды интеллектті қоса алғанда, жаңа технологияларды жауапкершілікпен пайдалану мәселелері қаралды. Бұл ретте жастардың өз бетінше шешім қабылдау, ақпаратты бағалау және өз әрекеттерінің салдарын түсіну қабілеті ерекше маңызға ие болады.
Дәріс жеке тұлғаның азаматтық қалыптасу мәселелерін өзектендіруге, Тәуелсіздіктің қазақстандық қоғамның іргелі құндылығы ретіндегі маңызын түсінуге және әрбір адамның мемлекеттің бүгіні мен болашағы үшін жеке жауапкершілігін атап өтуге мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, елдің тарихы мен мәдени мұрасын құрметтеуге, адамгершілік бағдарларын нығайтуға және тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы өз рөлін түсінуге ықпал етеді.
Педагогика және психология кафедрасы



