ҚАЕУ-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің өкілдерімен кездесу өтті

2025 жылғы 11 қарашада студенттер арасында мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастық және кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалының қолдауымен өткізілді және студенттерді «Мемлекеттік жас қызметші мектебі» жобасының іске қосылуы туралы хабардар етуге бағытталған. Жобаның басты мақсаты – белсенді және талантты жастарды мемлекеттік басқару саласындағы жұмысқа тарту.

Кездесу барысында Департамент өкілдері жобаның мақсаттары мен міндеттері, қатысу шарттары туралы айтып берді, сондай-ақ мемлекеттік қызметке іріктеуден өту мәселелеріне, мемлекеттік органдар жұмысының ерекшеліктеріне және кәсіби өсу  келешегіне егжей-тегжейлі тоқталды. Бағдарламаға 2026 жылдың өзінде  қатыса алатын бітіруші курс студенттерінің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің осындай кездесулерге қатысуы мемлекеттік институттармен серіктестікті дамытуға және студенттердің мемлекеттік сектордағы табысты мансабы үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді.