ҚАЕУ-де Air Astana ұшқышымен кездесу

2025 жылдың 9 қазанында Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде мансап және тұлғалық даму орталығының ұйымдастыруымен Air Astana әуе компаниясының ұшқышымен кездесу өтті. Қонақ өз мамандығы туралы айтып, жеке тәжірибесімен бөлісіп, авиация саласына жол ашатын Ab-Initio даярлық бағдарламасын таныстырды.

Студенттер Air Astana командасының бір бөлігі болу үшін қандай қадамдар жасау керектігін білді және кәсіби маманға өз сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды.

КАСУ Air Astana әуе компаниясына ынтымақтастығы және студенттерге кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашқан қызықты әрі шабыттандыратын кездесу үшін алғыс білдіреді.